Шешім «Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, оның ішінде жұмыскерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және техника мен еңбек құралдарын жаңарту (жаңғырту) жөніндегі нұсқамаларды міндетті түрде өткізу туралы»

"Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің ақпараты бойынша.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы  "Жезказганцветмет" ӨБ бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша проблемалық мәселелер қаралатын, 17.05.2019 ж. №88 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құру туралы бұйрық құрылды. 2021 жылы кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесі 10 отырыс өткізді. Отырыста әкелінген арнайы киімдердің, жеке қорғаныш құралдары мен аяқ киімдердің сапасын қамтамасыз ету және жақсарту, жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жасау, кәсіпорын қызметкерлері үшін санитариялық тораптар мен тұрмыстық бөлмелердің жай-күйін жақсарту мәселелері көтерілді, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидалары мен нормаларының талаптарын бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында кәсіпорын қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 82,42% вакцинациядан өтті (қалған қызметкерлердің медициналық рұқсаты бар).

Қызметкерлерді арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен (Жқжққ) қамтамасыз ету: беру, жуу, химиялық тазарту, жөндеу, сақтау, бірыңғай кешенді қызмет шеңберінде жүзеге асырылады. Жыл сайын құрылымдық бөлімшелерде арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын берудің салалық нормаларына сәйкес, сондай-ақ өндіріс ерекшелігі мен тікелей еңбек жағдайлары ескеріле отырып, қызметкерлерге арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын беру нормалары жасалады.

Комиссия отырысында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалында - "Жезқазғантүстімет"ӨБ өндірістік жарақаттанушылық туралы мәселе көтерілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жазатайым оқиғалар саны 1,5% - ға артты. Осы мәселені талқылай отыра, жазатайым оқиғалардың болуын азайту бойынша жұмыстарды күшейту ұсынылды.

"Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің ақпараты бойынша.

Кәсіпорын бойынша барлық қызметкерлер арнайы киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен және аяқ киіммен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік сатып алу порталында жасалған шарттар бойынша 7648700 теңгеге арнайы киім, жеке қорғаныс құралдары мен аяқ киім сатып алынды. Арнайы киім, жеке қорғаныш құралдары мен аяқ киім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №943 "Әртүрлі экономикалық қызмет ұйымдарының қызметкерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес беріледі.

Кәсіпорынның барлық қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №1019 бұйрығымен бекітілген "Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуға, оларға білімдерін тексеруге нұсқау беру қағидалары мен мерзімдеріне", қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша нұсқамалық уақытылы жүргізіледі. Кіріспе нұсқаулық барлық жаңадан қабылданған қызметкерлермен өткізіледі. Бастапқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқаулықтар цехтарда, учаскелерде әр қызметкермен тікелей жұмыс орнында өткізіледі.

Жылдың басынан бастап 220 тексеріс жүргізіліп 457 бұзушылық анықталды, оның барлығы уақытылы жойылып отыр. Мекеменің 15 жұмысшысы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Биыл өндірістегі жазатайым оқиғасы былтырғы жылмен салыстырғанда сол күйі қалды. Биылда, былтыр да 1 жазатайым оқиғасы тіркелген. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін іс-шаралар жасалуда

Осы жылдың соңына дейін инвестициялық бағдарлама бойынша 3 бірлік техника, атап айтқанда 1 бірлік экскаватор-тиегіш, 7 орын санымен жұмыскерлерді тасымалдауға арналған борттық автомобиль – 1 бірлік, шеберхана фургоны (дәнекерлеу аппараты, компрессоры және т.б. бар) – 1 бірлік сатып алу жоспарланып отыр.

"СәтТазалық" ЖШС-нің ақпараты бойынша.

"Сәт Тазалық" ЖШС-де еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бастапқы, жоспардан тыс, мақсатты және кіріспе нұсқаулықтар өткізіледі, олар арнайы журналдарда тіркеледі. "Сәт Тазалық" ЖШС қызметкерлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп – қатерінен және туындауынан қорғау мақсатында азаматтық қорғау бойынша авариялық-құтқару құрамаларының жобасын әзірледі. "Сәт Тазалық" ЖШС кәсіпорнында 256 адам жұмыс істейді. Апта сайын учаскелерде қауіпсіздік техникасы бойынша тексерулер жүргізіледі (216 тексеру). Әр сәрсенбіде анықталған бұзушылықтар бойынша техникалық кеңес өткізіледі (44 техникалық кеңес). Күн сайын жұмысшыларға, орта есеппен 75 адамға медициналық куәландыру жүргізіледі: таңертең жүргізушілер мен жүк тиеушілер, күні бойы – аула сыпырушылар,газбен дәнекерлеушілер,авариялық – қалпына келтіру жұмыстарының слесарі. Есепті кезеңнің қазан айында жыл сайынғы медициналық тексеруден кәсіпорынның барлық жұмыскерлері өтті.

Еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру мақсатында "Сәт Тазалық" ЖШС қызметкерлерін арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен ( қолғап,каскалар) белгіленген нормаларға сәйкес қамтамасыз етті.

Сұрақты талқылап, Сәтбаев қалалық еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы мәселе бойынша "Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің, "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің, «Сәт Тазалық» ЖШС-нің ақпараттары назарға алынсын.
  2. "Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің, "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің, «Сәт Тазалық» ЖШС-нің әкімшіліктеріне:

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайы үшін барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілігін арттыру; кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту; кадрлық әлеуеттің кәсіби қабілеттерін бағалау бойынша шаралар қабылдау;

- жұмыс қабілеттілігін жақсартуға, кәсіпорынның өнімділігін арттыруға бағытталған жетілдіру және жаңарту бойынша жабдықтарды жаңғыртуды қамтамасыз ету;

- әрбір өндірістік учаскеде қауіпсіз жұмысты ұйымдастырудың жаңа, озық әдістерін енгізу.

- кәсіпорындарда өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша алгоритмдер мен іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

- кәсіпорындарда өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша іс-шаралар жоспары мен алгоритмнің орындалуына мониторинг жүргізу;

- осы шешімнің орындалуы туралы 2022 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты Комиссияны хабардар етсін.

  1. Комиссияның жұмыс тобы осы шешімді "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сайтында орналастырсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау комиссияның жұмыс тобына жүктелсін.

 

 

Тараптар:

 

Комиссияның төрайымы,

Сәтбаев қаласының әкімі                                                                      

А.А. Ыдырысов _______________

 

 

 

«Тау-кен-металлургия кәсіпорындары және аралас  өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің филиалы  Жезқазған кәсіподақ ұйымының төрағасы

А.С. Төлепбергенов _____________

 

 

Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымының төрайымы                                                             Г.Ж. Ильясова __________________

 

«Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Жезқазған аймақтық филиалының төрайымы

Р.Қ. Қожабаева__________________

 

 

Жезқазған аймағы бойынша «Достойный труд» таукен, көмір және металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы                                                          Қ.С. Мұрзатов___________________

 

«Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС-ның директоры

Е.А.Тоқымбаев __________________

 

 

 

 

Дата публикации
21 декабря 2021