Шешім  «Сәтбаев қаласында АИТВ – инфекциясының алдын алу туралы»

"Қарағанды облысының ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" КММ Жезқазған қаласы бойынша бөлімінің 2021 жылғы 10 маусымдағы ақапараты бойынша.

Сәтбаев қаласы бойынша (01.06.2021 ж. өсумен) АИТВ-инфекциясының алғаш рет анықталған 27 жағдайы тіркелді. Ерлер 55,6 % (15 адам) және әйелдер – 44,4 % (12 адам) құрайды. АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу жолдары бойынша 63% (17сл), парентеральді жол 33,3% (9сл.) және тікелей берілу жолы 3,7% (1 бала). Жас тобында ең жоғары зақымдану 20-дан 39 жасқа дейін тіркеледі және 77,8% құрайды (21 адам). Әлеуметтік-кәсіптік құрылымда жұмыс істейтіндер басым – 59,3%, жұмыс істемейтіндер – 18,5%, тергеумен қамалғандар мен сотталғандар-7,4%,  ЖОО (АООО) студенттері  –11,1% және ұйымдастырылмаған бала – 3,7%.

"Д" есебінде АИТВ жұқтырған 20 науқас тұр. Жұмыс істейтін пациенттер 18 адам (есепте тұрғандардың 90%), оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер – 3 адам, мемлекеттік ұйымдарда – 2 адам, жеке құрылымдарда-13 адам.

ХЕҰ-ның АИТВ/ЖИТС мәселесі және еңбек саласы бойынша практикалық Қағидалар жинағының №200 ұсынымына сәйкес ЖИТС ОО жұмыс орындарында жұқтыру тәуекелінің дәрежесін, Денсаулық сақтау пункттері мен медицина қызметкерлерінің болуын немесе болмауын ескере отырып, кәсіпорындарда АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуға сараланған тәсілді жүзеге асырады.

Жұмыс орындарында жұқтыру қаупі жоғары ұйымдарға қаланың медициналық мекемелері жатады. Жезқазған бөлімі ЖИТС ОО оларға ЕАҰ-да АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді және оқыту жүргізеді:

- жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша емдеу мекемелерінің басшыларына, кәсіби ауруларды рәсімдеу бойынша медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мақсатында апаттық жағдайларда өндірістік жарақаттарды тіркеу ережелеріне;

- госпитальдық эпидемиологтарды және АИТВ – инфекциясының өзекті мәселелері бойынша өз қызметкерлерін одан әрі оқыту мақсатында емдеу мекемелерінде алдын алу іс-шараларын жүргізуге жауаптыларды.

- ЕАҰ медициналық қызметкерлері. За 5 месяцев 2021года проведены 3 семинара в режиме онлайн в 3-х ЛПО г. Сатпаев. Случаев профессионального заражения ВИЧ – инфекцией не зарегистрировано.

Қаланың медициналық ұйымдарында медициналық ұйымдарға келушілер үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша 3247 аудио және бейнероликтерді трансляциялау ұйымдастырылды.

Медициналық қызметкерлері және денсаулық сақтау пункттері бар кәсіпорындарда оқыту:

2021 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты денсаулық сақтау пункттері бар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барылмаған, тиісінше медицина қызметкерлері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың еріктілері оқытылмаған және сауалнама жүргізілмеген.

           Сәтбаев қаласының Денсаулық сақтау пункттері мен медицина қызметкерлері жоқ кәсіпорындары мен мекемелерінде 37 адамды қамти отырып, 4 семинар өткізілді. "Кооптранс" ЖШС, "KEGOK" ЖШС, "Сары - Арқа нан" ЖШС, "ПТЭ"ЖШС. 2021 жылы қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында (СЖР, "Западный" кеніші) АИТВ – инфекциясының алдын алу бойынша 342 аудио және бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.

"Шарайна" газетінде 4 мақала жарияланды. Ай сайын Сәтбаев қаласы бойынша таралымы 23 000 дана коммуналдық төлемдерге салымдарда кіші жарнама орналастырылады.

Сұрақты талқылап, Сәтбаев қалалық еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы мәселе бойынша "Қарағанды облысының ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" КММ Жезқазған қаласы бойынша бөлімінің ақпараты назарға алынсын.
  2. "Қарағанды облысының ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" КММ Жезқазған қ. бойынша бөлімінің меңгерушісіне ұсыну:

-ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының медицина қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу мәселелері бойынша оқыту жүргізу және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмысты жалғастыру.

  1. Комиссияның жұмыс тобы осы шешімді "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сайтында орналастырсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау комиссияның жұмыс тобына жүктелсін.

 

Стороны:

Үшжақты комиссияның төрайымы                                                                      

А.К. Төлендина

 

«Тау-кен-металлургия кәсіпорындары және аралас  өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің филиалы  Жезқазған кәсіподақ ұйымының төрағасы А.С. Төлепбергенов

 

Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымының төрайымы   Г.Ж. Ильясова

  

«Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Жезқазған аймақтық филиалының төрайымы

Р.Қ. Қожабаева

 

Жезқазған аймағы бойынша «Достойный труд» таукен, көмір және металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Қ.С. Мұрзатов

 

«Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС-ның директоры Е.А.Тоқымбаев 

Дата публикации
13 августа 2021