Шешім «Қала кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің қызметі туралы»

"Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің 2021 жылғы 22 маусымдағы ақпараты бойынша.

"Қазақмыс корпорациясы "ЖШС "Жезқазғантүстімет" ӨБ филиалының кәсіпорындарында апта сайын Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік Кеңестің (бұдан әрі –Кеңес) отырыстары өткізіледі, онда кәсіпорын қызметкерлерімен жіберілген бұзушылықтар бойынша мәселелер қаралады. Жыл басынан бері Кеңестің 36 отырысы өткізіліп, онда 156 адамның қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтары қаралды. Қарау қорытындысы бойынша 36 адам қатаң сөгіс, 52 адам сөгіс, 41 адам ескерту алды. Қалған жұмысшыларға жалақы сыйлықақылары алынып тасталды. Кеңес  қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын және тау-кен жұмыстарын жүргізу бойынша аудиторлық тексерулер  жүргізеді. Қазіргі уақытта екі бұзушылығы бар қызметкерлердің отбасыларына кәсіпорын қызметкерінің қауіпсіздік техникасын үшінші рет бұзған жағдайда жұмыстан босату туралы ескерту-хат жолдау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде.

"Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің 2021 жылғы 14 маусымдағы ақпараты бойынша.

Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құру туралы 17.05.2019 ж. №88 пр. бұйрық жасалды, өндірістік кеңестің отырысы айына 2 рет өткізіледі. 2021 жылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес 8 отырыс өткізді. Отырыстарда келесі мәселелер көтерілді: әкелінген арнайы киімдердің және аяқ киімдердің сапасын жақсарту және олармен қамтамасыз ету, жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жасау, кәсіпорын қызметкерлеріне арналған тұрмыстық бөлмелердің санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын және жақсарту.   Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ережелер мен нормалардың талаптарын бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Сәт Тазалық" ЖШС 2021 жылғы 15 маусымдағы ақпараты бойынша.

Кәсіпорында өндірістік кеңес бар, онда бұзушылықтар айына 2 рет қаралады. Бес ай ішінде Кеңес 161 қызметкердің бұзушылықтары қарастырылып, тиісті шаралар қабылданды. Кеңестің барлық шешімдері хаттамалық шешім түрінде рәсімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

Комиссия отырысына "Сәт Тазалық" ЖШС кәсіпорнының басшылығы қатыспады, эфирге тек отырыс соңында қосылды және ақпарат баяндалмады.

Сұрақты талқылап, Сәтбаев қалалық еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы мәселе бойынша "Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің, "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің ақпараттары назарға алынсын.
  2. "Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің, "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің директорларына ұсыну:

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты тұрақты бақылауда ұстау;

- өндірістік жарақаттануды болдырмау бойынша белсенді шаралар қабылдау;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын жандандыру.

  1. Осы мәселе бойынша "Сәт Тазалық" ЖШС директорының ақпаратын қарау және тыңдау комиссияның келесі отырысына ауыстырылсын.
  2. Комиссияның жұмыс тобы осы шешімді "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сайтында орналастырсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау комиссияның жұмыс тобына жүктелсін.

 

 

Тараптар:

Үшжақты комиссияның төрайымы А.К. Төлендина

 

«Тау-кен-металлургия кәсіпорындары және аралас  өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің филиалы  Жезқазған кәсіподақ ұйымының төрағасы   А.С. Төлепбергенов

 

Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымының төрайымы  Г.Ж. Ильясова

 

«Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Жезқазған аймақтық филиалының төрайымы

Р.Қ. Қожабаева

 

Жезқазған аймағы бойынша «Достойный труд» таукен, көмір және металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы  Қ.С. Мұрзатов

 

«Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС-ның директоры

Е.А.Тоқымбаев

Дата публикации
13 августа 2021