Хаттама №3 еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысыс

Төрағалық етуші – Төлендина А.К., Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары,  комиссия төрайымы.

Қатысқандар: комиссия мүшелері және шақырылғандар (тізім бойынша).

 

Күн тәртібі 

  1. "Қала кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің қызметі туралы";
  2. "Сәтбаев қаласында АИТВ – инфекциясының алдын алу туралы".

 

  1. «Қала кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің қызметі туралы»

____________________________________________________________________

 «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС, «Сәт Тазалық» ЖШС

 

Осы мәселені талқылау нәтижесінде Сәтбаев қалалық еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы мәселе бойынша "Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің, "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің ақпараттары назарға алынсын.
  2. "Жезқазғантүстімет" ӨБ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің, "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС-нің директорларына ұсыну:

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты тұрақты бақылауда ұстау;

- өндірістік жарақаттануды болдырмау бойынша белсенді шаралар қабылдау;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын жандандыру.

  1. Осы мәселе бойынша "Сәт Тазалық" ЖШС директорының ақпаратын қарау және тыңдау комиссияның келесі отырысына ауыстырылсын.
  2. Комиссияның жұмыс тобы осы шешімді "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сайтында орналастырсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау комиссияның жұмыс тобына жүктелсін.

 

  1. «Сәтбаев қаласында АИТВ – инфекциясының алдын алу туралы»

"Қарағанды облысының ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" КММ Жезқазған қаласы бойынша бөлімі

 

Осы мәселені талқылау нәтижесінде Сәтбаев қалалық еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы мәселе бойынша "Қарағанды облысының ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" КММ Жезқазған қаласы бойынша бөлімінің ақпараты назарға алынсын.
  2. "Қарағанды облысының ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" КММ Жезқазған қаласы бойынша бөлімінің меңгерушісіне ұсыну:

-ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының медицина қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу мәселелері бойынша оқыту жүргізу және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмысты жалғастыру.

  1. Комиссияның жұмыс тобы осы шешімді "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің сайтында орналастырсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау комиссияның жұмыс тобына жүктелсін.

         

Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары,

комиссия төрайымы                                                                            А. Төлендина 

Дата публикации
13 августа 2021