Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы             

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің  «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                        

Қалалық  мәслихаттың  хатшысы              Т.Хмилярчук                          

Құжат
Дата публикации
15 июля 2021