"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға  арналған сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стратегиясын  іске асыру жөніндегі  2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша есеп.

Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі ақпаратты хабарлайды:

1-тармаққа сәйкес: Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша" Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ-де 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді;

2-тармаққа сәйкес: жыл бойы мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша дәрістер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді.

3-тармаққа сәйкес: "Сәтбаев қаласының ЖҚжӘББ" ММ интернет-ресурсында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызмет туралы бөлім бар. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тартылған адамдар (оның ішінде мемлекеттік қызметтен босатылғандар) жоқ.

4-тармаққа сәйкес: тұрақты негізде қызметтік автокөлікте айырым белгісі орналастырылған.

5-тармаққа сәйкес: "Сәтбаев қаласының ЖҚжӘББ" ММ-де мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтері Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері барлық нормаларға сәйкес келеді.

6-тармаққа сәйкес: бөлімнің ақпараттық стендтерінде, баршаға көрінетіндей, "сенім телефоны" туралы ақпарат орналастырылған, бөлім басшысының және оның орынбасарының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі бар. Азаматтардың өтініштерін қабылдау мен тіркеудің бірыңғай есебі жүргізіледі, хаттар мен өтініштерге арналған жәшік бар. Басшы азаматтардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауда.

7-тармаққа сәйкес: Бөлім жыл сайын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылады. "Сәтбаев қаласының ЖҚжӘББ" ММ интернет-ресурсында "Мемлекеттік сатып алу" бөлімі бар, онда мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдері көрсетіледі.

8-тармаққа сәйкес: "Сәтбаев қаласының ЖҚжӘББ" ММ ғимаратында Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы ақпаратты орналастыруға арналған тақта бар.

9-тармаққа сәйкес: "Сәтбаев қаласының ЖҚжӘББ" ММ ғимаратында "Құрмет тақтасы" орналастырылған, онда үздік жұмыс нәтижелерін көрсететін тұлғалар туралы ақпарат тұрақты негізде орналастырылады, сондай-ақ "Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі"атағын ұсыну мақсатында мемлекеттік қызметшілердің қызметіне тоқсан сайынғы міндетті ішкі бағалау жүргізіледі.

10-тармаққа сәйкес: "Сәтбаев қаласының ЖҚжӘББ" ММ ғимаратында азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама мини-плакаттары орналастырылған.

Бөлімнің одан әрі жүргізілетін барлық жұмыстары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыруға және бөлім мамандарының құқықтық сауаттылығы мен біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған.

Дата публикации
15 июня 2021