2020 жылда атқарылған жұмыс туралы есеп.

2020 жылдың басынан бастап Жұмыспен қамту орталығына 3550 адам жүгінді,  2758 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылып (2020 жылдың жоспары – 2316 адам, 119%), әлеуметтік жұмыс орнына 56 адам жіберілді (2020 жылдың жоспары – 35 адам, 160%), жастар практикасына 94 адам жіберілді (2020 жылдың жоспары – 63 адам, 149%), қоғамдық жұмыс орныдарына 468 адам жіберілді (2020 жылдың жоспары – 440 адам, 106%).

2020 жылы «Ютария LTD» ЖШС және «ИП Эберманға «Тігінші» мамандығы бойынша 36 жұмыссыз  қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілді (2020 жылдың жоспары – 29 адам, 124%)

  2020 жылы 31,4 млн.теңге көлемінде 3 несие берілді. Жаңа бизнес идеяларын дамытуға 200 АЕК-тен 90 адамға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар берілді (2020 жылдың жоспары-35 адам, жоспар 262 % орындалды).

2020 жылдың 06 қарашасында Сәтбаев қаласы прокуратурасының қатысуымен Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында жеке сот орындаушылардың борышкерлеріне және пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Бос орындар жәрмеңкесіне 18 жұмыс беруші қатысты. Жұмыс берушілер 115 бос жұмыс орнын ұсынды.

Жәрмеңкеге барлығы 60 адам келді, оның ішінде 10-ы жеке сот орындаушылардың борышкерлері, 50 пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеуші азаматтар жұмыс берушілермен бетпе - бет кездесу мүмкіндігін алды. Жұмысқа жолдама алғандар 21 азамат.

2020 жылдың 27 қарашасында және  29 желтоқсанында Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы онлайн режимде бос жұмыс орындар жәрмеңкілері өткізілді. Тікелей эфирге 28 жұмыссыз азамат қатысты. Жәрмеңке кезінде 57 жұмыс беруші 200 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 18 жұмыссыз тұрақты жұмысқа жолдама алды.

Сәтбаев қаласы бойынша барлығы 1743 көп балалы отбасы тұрады, оның ішінде:

1200 - 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналар;

533 - "Күміс алқа" және "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

2020 жылдың басынан бастап 289 отбасы жүгінді, оның ішінде 258 отбасынан өтініш қабылданды.

- атаулы әлеуметтік көмек – 238 отбасына тағайындалды 1227 адам, соның ішінде 68 көп балалы отбасыларға барлығы 101млн.306 мың теңге;

- кепілдендірілген әлеуметтік пакет және жеке гигиеналық заттар атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 ден 6 жасқа дейінгі 289 балаға таратылды 15млн.584мың. теңге.

– 64 аз қамтылған отбасыларға 79 адамға 1млн.414 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды;

- аз қамтылғандар қатарынан 42 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 30 адам тұрақты жұмысқа, 10 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орындарына; 1 адам кәсіптік оқытуға жіберілді;

– 1200 көп балалы отбасына 1200,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Сәтбаев қаласында 4700 мүгедектер тұрады, оның ішінде 1 топ мүгедегі- 295, 2 топ мүгедегі – 1677, 3 топ мүгедегі- 2434 және бала жастан мүгедек балалар саны- 295 адам.

  • жеке көмекшінің қызметімен 166 адам қамтылды бюджеттен 86млн.284мың теңге бөлінді;
  • міндетті гигиеналық құралдармен 129 адам қамтылып бюджеттен 21млн.597мың теңге бөлінді;
  • мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен жыл басынан 134 адам қамтылды.
  • сурдо-тифло құралдармен 74 адам қамтылды.
  • протезді-ортопедиялық құралдармен 134 адам қамтылды..
  • кресло-арбалармен 79 адам қамтылды..

Тоқсан сайын үйде оқитын бала жас тан мүгедек балаларға 4 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі.(ЕАК 2778х4=11112 теңге). Жыл басынан бері 26 балаға 625 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

 «Нығмет» қоғамдық бірлестігі арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мини - орталық 70 балаға қызмет көрсетті. Биылғы жылы  мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі болуымен шағын – орталық ашылады.

2020 жылы инватакси қызметімен 25 мүмкіндігі шектеулі жандар пайдаланды, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 4 млн.теңге бөлінді.

 Төтенше жағдайдың және карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қаланың 5182 әлеуметтік осал тұрғынына азық-түлік сатып алуға (сәуір, мамыр, шілде, тамыз) әрқайсысына 5567 теңге көлемінде жалпы 115млн.402мың теңге сомаға біржолғы көмек берілді.  

Демеушілер есебінен 120 мұқтаж жанға азық – түлік есебінде көмек көрсетілді.

«Birgemiz» фондынан 2427 бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек баланы бағып отырған отбасыға, аз қамтылған сонын ішінде көпбалалы отбасыларына 50000 тенгеден көмек көрсетілді.

«Қазақмыс» корпорациясы 1075 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер,  аз қамтылған отбасыларға 30 000 теңге көлемінде бір реттік көмек көрсетті.Елорда күніне орай қаланың 1083 көпбалалы аналарына 5000 теңге көлемінде біржолғы көмек ал  Тәуелсіздік күніне орай 1200 көпбалалы анаға жалпы 10000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.Қарттар күніне орай 2000 қарт, сондай-ақ мүгедектер күніне орай 2241 бірінші және екінші топтағы мүгедектерге 5000 теңге көлемінде бір реттік көмек көрсетілді.Сонымен қатар, 1,2 топ мүгедектері, бала жастан мүгедек балалар, ҰОС ардагердері мен мүгедектері, соларға тенестірілген азаматтар, тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналар және ен төменгі мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткрелерге қала ішінде қоғамдық көлікте жүру үшін жеңілдікпен жол жүру билетімен қамтылған.

 

 

            ЖҚ және ӘББ басшысы                                            Б.Апеков

 

Дата публикации
26 мая 2021