Ақпарат  Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия өткізу бойынша

2021 жылдың басынан бастап Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Сәтбаев қалалық үшжақты комиссиясы отырыстарының жоспары бекітілді. Ағымдағы жылдың 30 наурызында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның 1 тоқсанға арналған жоспары бойынша отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды:

Бірінші мәселе "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі"ММ-де қаралды. "Бизнес ортаны жақсарту және шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту жөніндегі шаралар туралы".

Осы мәселе бойынша "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы үш жақты комиссия мүшелерімен бизнес ортаны жақсарту және шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндама жасады; Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг жүргізу ұсынылды.

Екінші мәселе "Еңбек"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы" қаралды.

Осы мәселе бойынша Сәтпаев қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры К.Б. Ашықбаева баяндама жасады, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының ақпараты назарға алынды. Үшжақты комиссия мүшелері "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту қызметіне тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жәрдем көрсетуді ұсынды .

Келесі тоқсанда 2021 жылдың жоспары бойынша негізгі үш мәселені қарау жоспарлануда.

  1. Қала кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің қызметі туралы.

Қаланың ірі кәсіпорындарының ("СПТВС" ЖШС, "Сәтбаев қаласының Емханасы" КМК, "Сат Тазалық" ЖШС, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жезқазғантүстімет"ӨБ АІЖК Сәтбаев алаңының кеніштері) ақпараты.

  1. Сәтбаев қаласында АИТВ – инфекциясының алдын алу туралы.

Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының Жезқазған бөлімшесі маманының ақпараты.

 

  1. Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру туралы.

«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы " ММ  ақпараты.

 

Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің м.а.                       А.Шокпутов

 

Дата публикации
28 апреля 2021