«2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Бағдарламасы» бойынша жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсету туралы Есеп

Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес жұмыспен қамту қызметтері тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдем көрсетеді.  «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы үш негізгі бағытты қамтиды.

 

Жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету». Бағдарламаның осы бағыты бойынша 2019 жылы «Сәтбаев индустриалды колледжі», «Сәтбаев технологиялық колледжі» және «Моторгсервис» ЖШС-не «1-С Бухгалтер», «тігінші», «Электромонтер», «Аспаз», «ЭВМ операторы», «газэлектрдәнекерлеуші»,  «Шаштараз» мандықтары бойынша 217 жұмыссыз қысқа мерзімді курстарға жіберілді.

 

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді: кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, қалалар мен ауылда кредиттерге / микрокредиттерге кепілдік беру.

Ағымдағы жылы 53,1 млн.теңге көлемінде 6 несие берілді. Көп  балалы аналарға және 29 жасқа дейінгі жастарға 100 АЕК-тен 5 адамға, 200 АЕК-тен 65 адамға Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар берілді.

 

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» Бағдарламаның үшінші бағыты лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді, әлеуметтік жұмыс орындарын құруды, жастар практикасын ұйымдастыруды, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды көздейді.

2019 жылдың басынан бері жұмыспен қамту сұрақтары бойынша 3452 адам жүгінді, оның ішінде 2769 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың ішінде 781 жұмыссыз азамат уақытша жұмысқа жіберілді, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 58 адам (2019 жылға жоспар – 35 адам), жастар тәжірибесіне – 121 адам (2019 жылға жоспар – 60 адам), қоғамдық жұмыстарға  602 адам (2019 жылға жоспар - 400 адам).

 

2019 жылдың 4 ақпанынан бастап Сәтбаев қаласында "Сары-Арқа" базарында жұмысқа орналастыру пункті ашылды, сондай-ақ автостанциясына жұмысқа орналастыру бойынша қосымша екінші пункт ашылды. Аталған пункттерде халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жаңа бизнес-идеяларды дамыту, мемлекеттік гранттарды іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттары бойынша кеңес береді. Сонымен қатар жұмыссыздарды бос, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Жиырма тоғыз жастан аспаған техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар түлектерге жастар тәжірибесі ұсынылады, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша консультациялар жүргізіледі.

Жұмысқа орналастыру пункттеріне кеңес алуға барлығы 805 адам жүгінген, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселелері бойынша – 345 адам, шағын несие беру мәселелері бойынша – 93 адам, оқыту мәселелері бойынша – 44 адам. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдіргендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына -121 адам жұмысқа орналастырылды.

 

«Еңбек» бағдарламасы аясында және жұмыссыздықты азайту жөніндегі жоспарды орындау мақсатында Сәтбаев қаласында 2019 жылдың 15 қарашасында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 280-нен астам жұмыссыз азаматтар, 208 бос жұмыс орнын ұсынған 49 жұмыс беруші қатысты. Жұмыссыздар қатарында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар, жоғары және орта - арнайы оқу орындарының түлектері, білімі жоқ тұлғалар болды. Жәрмеңке барысында жұмыссыз азаматтарға жұмыс берушілермен кездесу мүмкіндігі берілді. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 40 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде пробация есебінде тұрған 20 адам, мүмкіндігі шектеулі 4  адам.

 

31.12.2019 ж. жағдай бойынша қалада көп балалы және аз қамтылған отбасылар бойынша жағдай тұрақты. Сәтбаев қаласы бойынша барлығы 1569 көп балалы отбасы тұрады, оның ішінде:

1036 - 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналар;

533 - "Күміс алқа" және "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

362 аз қамтылған отбасы, 1697 адам.

2019 жылдың басынан бастап 31 желтоқсан аралығында 2555 отбасы жүгінді, оның ішінде 710 отбасынан өтініш қабылданды.

- атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды – 687 отбасына 3037 адам 264,933,6 мың теңге, соның ішінде 187 көп балалы отбасыларға, 11 отбасы 45 адам тағайындаудан бас тартылды;

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады: ағымдағы тоқсанға құжат тапсырған айынан бастап. Отбасының барлық мүшелеріне, соның ішінде балаларға арналған АӘК мөлшері жан басына шаққандағы кірістер мен өңірлердегі кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Егер АӘК-ке жүгінген кезде, еңбекке қабілетті отбасы мүшесі жұмысқа деген ынтаны арттыру үшін жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартса,  барлық  отбасы мүшелеріне  бас тартылған күннен бастап 6 айға тағайындалмайды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 99-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі. Осыған байланысты аналарға бала 3 жасқа толғаннан кейін белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысу құқығы беріледі.

– 84 аз қамтылған отбасыларға 154 адамға 2250,0 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды;

- аз қамтылғандар қатарынан 57 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 37 адам тұрақты жұмысқа, 14 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орындарына;

– 4 көп балалы отбасына 140,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

1 маусымнан бастап көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие болады. , 01.07.2019 ж. жағдай бойынша 126  көпбалалы аналарға жол жүру билеттер таратылды.

Сондай-ақ, "QAMQOR" әлеуметтік қолдау орталығында "Ана қорғаны" бастамашыл тобы жұмыс істейді, ол көп балалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсетеді. 30.06.2019 ж. 80 көп балалы отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді

Сәтбаев қаласында 4624 мүгедектер тұрады, оның ішінде 1 топ мүгедегі- 330, 2 топ мүгедегі – 1762, 3 топ мүгедегі- 2237 және бала жастан мүгедек балалар саны- 295 адам.

«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес, мүгедектерге келесі түрдегі қызметтер көрсетіледі:

-        жүріп- тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және

есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін қамтамасыз ету. Жергілікті бюджеттен 63007,0 мың теңге бөлінді, 150 қамтылды, сомасы 24887,8  мың теңге;

-        мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету қызметі.

Жергілікті бюджеттен 30812,0 мың теңге бөлінді, 243 адам қамтылып, сомасы 30812,0  мың теңгені құрады;

-        мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету қызметі, жыл басынан бері 65 адам қамтылды.

-        мүгедектерді сурдо-тифло  құралдармен қамтамасыз ету қызметі, жыл басынан бері 72 адам қамтылды.

-        мүгедектерді протезді- ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету қызметі 94 адам қамтылды..

-        мүгедектерді кресло- арбалармен 14 адам қамтылды..

Тоқсан сайын үйде оқитын бала жас тан мүгедек балаларға 4 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі.(ЕАК 2525х4=10100 теңге). Жыл басынан бері 33 балаға 902,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде 2018 жылдан бастап, «Нығмет» қоғамдық бірлестігі «Нығмет» мүгедектер қоғамы» арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсетіледі.Сәтбаев қаласыны әкиматының қолдауымен осы мақсатта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мини - орталық ашылды.

Жүріп тұруы қиын мүгедектерді тасу үшін инватакси қызметі жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда инватакси қызметін50 мүмкіндігі шектеулі жандар пайдалануда, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 3500,0 мың теңге бөлінді.

Сәтбаев қаласы бойынша 49 әлеуметтік инфрақұрылым обектілеріне паспортизация жүргізілді. Талапқа сай объектілер саны- 14, бейімдеуге жататын 35 объекті бейімдеуден өтті. Барлық объектілер интеративті картаға енгізілді.

Сонымен қатар, 1,2 топ мүгедектері, бала жастан мүгедек балалар қала ішінде қоғамдық көлікте жүру үшін жеңілдікпен жол жүру билетімен қамтылған.

 

 

«Сәтбаев қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ-нің басшысы                                                                         Б.Апеков

 

  

Жүктеу

Дата публикации
24 декабря 2020