Облыс әкімінің, оның орынбасарларының, қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалысы:
2018 жылдың 20 шілде айында олблыс әкімінің орынбасарының "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде берілген хаттамалық тапсырмалары бойынша Жұмыспен қамту орталықтары жаңа форматына көшу жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде, бейнероликтер көрсетілуде, жыл басынан 270 хабарламалар әлеуметтік желіде жіберілген, Электронды еңбек биржасының жұмыстары жаңартылуда, 2019 жылға 31 желтоқсан 112 мекеме тұрақты жұмысқа 877 адамды ЭЕБ арқылы орналастырды.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 4 ақпанынан бастап Сәтбаев қаласында "Сары-Арқа" базарында және қала әкімінің тапсырмасы бойынша Ұлытау көшесінің бойында орналасқан Сәтбаев қаласының автостанциясында жұмысқа орналастыру пункттері ашылды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары Сәтбаев қаласының аймақтық кәсіпкерлер "Атамекен" палатасымен бірлесіп барлық бағыттар бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік Бағдарламасын, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды кеңейту үшін бизнесті және өз ісін ашу консультациялар ұсынады. Жұмыссыздарды бос, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Жиырма тоғыз жастан аспаған техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар түлектерге жастар тәжірибесі ұсынылады, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша консультациялар жүргізіледі.
Жұмысқа орналастыру пункттеріне кеңес алуға барлығы – 3452 адам өтініш білдірді, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселелері бойынша – 2769 адам, шағын несие беру мәселелері бойынша – 65 адам, оқыту мәселелері бойынша – 217 адам. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдіргендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына – 1802 адам жұмысқа орналастырылды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жұмысқа орналастыру, көп балалы отбасыларды, аз қамтылған және жалғыз басты аналарды қолдау мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде.:
- 31.12.2019 ж. жағдай бойынша Сәтбаев қаласы бойынша барлығы 1569 көп балалы отбасы тұрады, оның ішінде:
1036-4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші;
533 - "Күміс алқа" және "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар»;
362 аз амтылған отбасы, 1627 адам.
2019 жылдың 31 желтоқсан айына атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша кеңес алуға 2555 отбасы өтініш білдірді, оның ішінде 710 отбасынан (3128 адам) өтініш қабылданды. Атаулы әлеуметтік көмек – 687 отбасына (3037 адам) 264 876,0 мың теңге, соның ішінде 187 көп балалы отбасыларға тағайындалды.
58 еңбекке жарамды, жұмыссыз атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен белсенді жұмыспен қамту шараларына барлығы 58 адам тартылды, оның ішінде:
- 38 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды;
- 14 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді;
- 5 адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді;
- 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.
31.12.2019ж. жағдай бойынша талдауға жататын атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімі бойынша келесі жұмыс жүргізілді:
- 65 отбасына табыстарын жасыруға байланысты төлем тоқтатылды. Барлық отбасылармен жұмыс жүргізілуде, хабарламалар берілді, қаражатты қайтару бойынша түсініктемелер жүргізіледі (10 отбасы толығымен қайтарылып, 5 отбасы ішінара қайтарылып, қайтару сомасы 1914407,0 мың теңгені құрады);
- жан басына шаққандағы орташа табыстың кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты 42 отбасына төлем тоқтатылды;
- 50 отбасына қайта есептеу жүргізілді, АӘК тиесілі.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады және тұрақты бақылауда болады.
– тұрғын үй көмегі-84 аз қамтылған отбасыларға 154 адамға 2250,0 мың теңге сомасында тағайындалды.;
– аз қамтылғандар қатарынан 58 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 38 адам тұрақты жұмысқа, 14 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді, 1 адам әлкуметтік жұмыс орынға, 5 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді;
– 4 көп балалы отбасына 140,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
1 маусымнан бастап көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүрде, 31.12.2019 ж. жағдай бойынша 228 көпбалалы аналарға жол жүру билеттер таратылды. "QAMQOR" әлеуметтік қолдау орталығында "Ана қорғаны" бастамашыл тобы жұмыс істейді, ол көпбалалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсетеді, 31.12.2019 ж. жағдай бойынша 90 көпбалалы отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді.
Бөлімнің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалысы:
Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспарлық көрсеткіштердің орындалуы бойынша «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ-нің жұмысын үйлестіру.
Нормативтік-құқықтық актілер бойынша, Сәтбаев қаласы әкімдігінің келесі қаулылар бекітілді:
- «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/03;
- «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/01;
- «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/04.
15 Қарашада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда қаланың 46 жұмыс берушісі, 280-ден астам жұмыссыз азаматтар, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар шақырылды. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 80 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жолдама берілді, оның ішінде 8 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар. Қысқа мерзімді курстарға 15 адам жазылды, кәсіпкерлік негіздері бойынша 9 адам кеңес алды.
Кәмелеттік жасқа толған қабілетсіз адамдарға қорғаншы тағайындау туралы сұрағы бойынша жыл басынан 21 өтініш түсті. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Қамқоршылықты белгілеу туралы" 20 қаулысы қабылданды, көшуіне байланысты 1 қаулының күші жойылды.
Қала әкімімен бекітілген 2019 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың жоспарының орындалысы:
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс әкімінің тапсырмасы орындау мақсатында Сәтбаев қаласында жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар Жоспары әзірленді. Жыл басынан 16-29 жас аралығындағы 1435 адам өтініш білдіріп, мамандар тарапынан кеңес алды. Аталған азаматтар құжаттарды тіркеліп, "жұмыспен қамту" бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Өткізілген іс – шаралар нәтижесінде 2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін жұмыс орындарына 1052 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 562 адам жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарына- 24 адам, қоғамдық жұмыстарға -262 адам, жастар тәжірибиесіне –121 адам. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарды оқыту жүргізіледі, олардың ішінде қысқа мерзімді курстарға бағытталған жастар саны – 83 адамды құрайды.
Бөлімнің проблемалық сұрақтары және шешу жолдары (шешу мәселелерін қандай кезеңде екенің көрсету):
Бөлім жұмысында проблемалық және шешілмейтін мәселелер жоқ.
Әлеуметтік желілер мен мобильдік қосымшалар арқылы түскен ескертулердің орындалысы:
2019 жылдың 31 желтоқсан айына әлеуметтік желілер мен мобильдік қосымшалар арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік сұрақтары бойынша ескертулер түспеген.
Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың орындалысы:
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын орындау мақсатында қаңтар-маусым айларында келесі жұмыстар жүргізілді:
2019 жылдың 31 желтоқсан айына жұмыспен қамту сұрағы бойынша 3452 адам хабарласқан. Тұрақты жұмысқа 2769 адам орналастырылды.
Уақытша жұмыстармен 781 жұмыссыз азаматтар қамтылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 58 адам (2019 ж. жоспары – 35 адам), жастар тәжірибиесіне – 121 адам (2019 ж. жоспары – 60 адам), қоғамдық жұмыстармен 602 адам (2019 ж. жоспары – 400 адам) жіберілді. Сонымен қатар, қысқа мерзімді курстарға – 217 адам жіберілді.
2019 жылдың 31 желтоқсан айына бөлімде 3 бөлімше жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде көмек көрсету бөлімшелері жұмыс жасайды.
31.12.2019 ж. мәлімет бойынша Сәтбаев қаласында 4624 мүгедек есепте тұрады, оның ішінде 1 топ мүгедегі- 330 адам, 2 топ мүгедегі – 1762 адам, 3 топ мүгедегі- 2237 адам, бала жастан мүгедек балалар – 295 адам.
31.12.2019 жылы жергілікті бюджеттен келесі көмек түрлері көрсетілді:
- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін қаматамасыз ету. 31.12.2019 жылы 168 адам 63007,0 мың теңге көлемінде қамтылды;
- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, 31.12.2019 жылы 243 адам 30812,0 мың теңге көлемінде қамтамасыз етілді;
- жергілікті өкілді органдадың шешімі бойынша жыл басынан бері 173 адам 9156,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмекпен қамтылды;
- қозғалуы қиын бірінші топ мүгедектерніне инватакси қызметіне 3500,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді;
-мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған массаж қызметіне 12220,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді;
- Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығару күніне орай, 63 ауған
соғысының ардагерлеріне 100,0 мың теңгеден жалпы 6300,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді;
- 9 мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен
тыл еңбеккерлеріне 12600,0 мың теңге сомасына 680 адамға бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.
Қадрлық қамтамасыз ету және штаттық қызметкерлер мен еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлердің лимитінің орындалу тиімділігі; бөлімнің және бөлімнің қарамағындағы ұйымдардағы қадлық қамтамасыз етілу анализы:
- Бөлімде барлығы 80 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші және 72 азаматтық қызметші, бөлім еңбек шартына сәйкес штаттық бірліктермен толық жабдықталды, бос жұмыс орындары жоқ.
Штаттық кестеге сәйкес бөлімде жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша екі бөлімше және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша бір бөлімше бар.
«Сәтбаев қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ-нің басшысы Б.Апеков