Облыс әкімінің, оның орынбасарларының, қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалысы:
2018 жылдың 20 шілде айында облыс әкімінің орынбасарының 2018 - 2019 жылдарға арналған, ел экономикасына бейресми жұмыс істейтін халықты тарту және ресімдеу туралы Жол картасын берілгенхаттамалық тапсырмалар бойынша мобильді топтар құрылып, азаматтардың статусын ресімдеу және оларды анықтау үшін үйлер мен аулаларды аралау жұмыстары жүргізілді. Актуалдандыруды күтудердің барлығы 3276 адам оның ішінде 2514 тіркеуден шығып кеткендер, формализациядан бас тартқан адамдар -753, азаматтардың статустары белгіленбеген -3, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 2, жұмыссыздар – 2, жалдамалы қызметкерлердің МЗЖ сіз-2.
2018 жылдың 20 шілде айында олблыс әкімінің орынбасарының "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде берілген хаттамалық тапсырмалары бойынша Жұмыспен қамту орталықтары жаңа форматына көшу жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде, бейнероликтер көрсетілуде, жыл басынан 200 хабарламалар әлеуметтік желіде жіберілген, Электронды еңбек биржасының жұмыстары жаңартылуда, 2019 жылға 01 шілде 110 мекеме тұрақты жұмысқа 350 адамды ЭЕБ арқылы орналастырды.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 4 ақпанынан бастап Сәтбаев қаласында "Сары-Арқа" базарында және қала әкімінің тапсырмасы бойынша Ұлытау көшесінің бойында орналасқан Сәтбаев қаласының автостанциясында жұмысқа орналастыру пункттері ашылды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары Сәтбаев қаласының аймақтық кәсіпкерлер "Атамекен" палатасымен бірлесіп барлық бағыттар бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік Бағдарламасын, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды кеңейту үшін бизнесті және өз ісін ашу консультациялар ұсынады. Жұмыссыздарды бос, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Жиырма тоғыз жастан аспаған техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар түлектерге жастар тәжірибесі ұсынылады, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша консультациялар жүргізіледі.
Жұмысқа орналастыру пункттеріне кеңес алуға барлығы – 1200 адам өтініш білдірді, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселелері бойынша –935 адам, шағын несие беру мәселелері бойынша – 65 адам, оқыту мәселелері бойынша – 200 адам. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдіргендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына – 444 адам жұмысқа орналастырылды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жұмысқа орналастыру, көп балалы отбасыларды, аз қамтылған және жалғыз басты аналарды қолдау мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде.:
- 01.10.2019 ж. жағдай бойынша Сәтбаев қаласы бойынша барлығы 1239 көп балалы отбасы тұрады, оның ішінде:
709-4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші;
530 - "Күміс алқа" және "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар»;
536 аз амтылған отбасы, 2429 адам.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша 1 сәуірден бастап енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіру жұмыстар өткізу үшін аулаларды аралауға мобильді топтар құрылды. Барлығы 1239 отбасына әлеуметтік карталар жасалды.
– атаулы әлеуметтік көмек-536 отбасына 2429 адамға 194121,0 мың теңге, соның ішінде 185 көп балалы отбасыларға;
– тұрғын үй көмегі-83 аз қамтылған отбасыларға 156 адамға 2102,0 мың теңге сомасында тағайындалды.
– аз қамтылғандар қатарынан 56 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 37 адам тұрақты жұмысқа, 13 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді, әлеуметтік жұмыс орнына - 1адам, кәсіптік оқыту орнына -5 адам.
– 4 көп балалы отбасына 140,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
1 маусымнан бастап көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүрде, 01.10.2019 ж. жағдай бойынша 203 көпбалалы аналарға жол жүру билеттер таратылды. 8 наурыз күні "Маэстро" мейрамханасында көп балалы отбасылардан шыққан 11 балаға және мүмкіндігі шектеулі 10 балаға арналған мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Сондай-ақ, "QAMQOR" әлеуметтік қолдау орталығында "Ана қорғаны" бастамашыл тобы жұмыс істейді, ол көпбалалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсетеді, 01.10.2019 ж. жағдай бойынша 80 көпбалалы отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді.
Тұрғын үй алуға 133 көп балалы отбасы кезекте тұр. 2019 жылдың мамыр айында тұрғын үйге мұқтаж көп балалы отбасыларға 6 пәтер берілді, оның ішінде 5 пәтер "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС есебінен және 1 пәтер мемлекеттік қаражат есебінен.
Бөлімнің жұмыс жоспарының орындалысы:
Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспарлық көрсеткіштердің орындалуы бойынша «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ-нің жұмысын үйлестіру.
Нормативтік-құқықтық актілер бойынша, Сәтбаев қаласы әкімдігінің келесі қаулылар бекітілді:
- «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/03;
- «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/01;
- «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/04.
30 Сәуірде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда қаланың 46 жұмыс берушісі, 200-ден астам жұмыссыз азаматтар, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар шақырылды. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 80 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жолдама берілді, оның ішінде 8 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар. Қысқа мерзімді курстарға 15 адам жазылды, кәсіпкерлік негіздері бойынша 9 адам кеңес алды.
Кәмелеттік жасқа толған қабілетсіз адамдарға қорғаншы тағайындау туралы сұрағы бойынша жыл басынан 16 өтініш түсті. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Қамқоршылықты белгілеу туралы" 14 қаулысы қабылданды, көшуіне байланысты 1 қаулының күші жойылды.
Қала әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалысы:
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс әкімінің тапсырмасы орындау мақсатында Сәтбаев қаласында жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар Жоспары әзірленді. Жыл басынан 16-29 жас аралығындағы 1148 адам өтініш білдіріп, мамандар тарапынан кеңес алды. Аталған азаматтар құжаттарды тіркеліп, "жұмыспен қамту" бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Өткізілген іс – шаралар нәтижесінде 2019 жылдың 01 қазанға дейін жұмыс орындарына 850 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 444 адам жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарына -19 адам, қоғамдық жұмыстарға -222 адам, жастар тәжірибиесіне – 89 адам. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарды оқыту жүргізіледі, олардың ішінде қысқа мерзімді курстарға бағытталған жастар саны – 75 адамды құрайды, микрокредит алған -1 адам.
Әлеуметтік желілер мен мобильдік қосымшалар арқылы түскен ескертулердің орындалысы:
2019 жылдың 1 қазан айына әлеуметтік желілер мен мобильдік қосымшалар арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік сұрақтары бойынша ескертулер түспеген.
Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың орындалысы:
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын орындау мақсатында қаңтар-маусым айларында келесі жұмыстар жүргізілді:
2019 жылдың 1 қазан айына жұмыспен қамту сұрағы бойынша 2028 адам хабарласқан. Тұрақты жұмысқа 2019 адам орналастырылды.
Уақытша жұмыстармен 565 жұмыссыз азаматтар қамтылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 52 адам (2019 ж. жоспары – 35 адам), жастар тәжірибиесіне – 89 адам (2019 ж. жоспары – 60 адам), қоғамдық жұмыстармен 424 адам (2019 ж. жоспары – 400 адам) жіберілді. Сонымен қатар, қысқа мерзімді курстарға – 197 адам жіберілді.
2019 жылдың 1 қазан айына бөлімде 3 бөлімше жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде көмек көрсету бөлімшелері жұмыс жасайды.
01.10.2019 ж. мәлімет бойынша Сәтбаев қаласында 4560 мүгедек есепте тұрады, оның ішінде 1 топ мүгедегі- 260 адам, 2 топ мүгедегі – 1764 адам, 3 топ мүгедегі- 2291 адам, бала жастан мүгедек балалар – 245 адам.
01.10.2019 жылы жергілікті бюджеттен келесі көмек түрлері көрсетілді:
- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін қаматамасыз ету. 01.10.2019 жылы 168 адам 41242,5 мың теңге көлемінде қамтылды;
- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, 01.10.2019 жылы 255 адам 36835,1 мың теңге көлемінде қамтамасыз етілді;
- жергілікті өкілді органдадың шешімі бойынша жыл басынан бері 100 адам 4990,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмекпен қамтылды;
- қозғалуы қиын бірінші топ мүгедектерніне инватакси қызметіне 3500,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді;
-мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған массаж қызметіне 12220,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді;
- Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығару күніне орай, 63 ауған
соғысының ардагерлеріне 100,0 мың теңгеден жалпы 6300,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді;
- 9 мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен
тыл еңбеккерлеріне 12600,0 мың теңге сомасына 680 адамға бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.
Қала әкімі мен оның орынбасарларына қарасты Комиссия мен Кеңестің хаттамалық тапсырмалары және жұмыс жоспарларының орындалысы:
2019 жылдың 1 қазанға Комиссия мен Кеңестің хаттамалық тапсырмалары түспеген.
- еңбек келсім-шарт бойынша штаттық лимитті орындау нәтижесі мен кадрмен қамтамасыз етілуі:
- бөлім келсім шартқа сәйкес штаттық бірліктермен толықтай қамтылған, бөлімде 8 мемлекеттік қызметкер және 72 азаматтык жұмыскер еңбек етеді.
- ақпараттық жүйелерде бөлім қызметкерлерінің жұмысының тиімділігі:
- бөлімнің мамандары ғаламтор қорын қолдауын толықтай меңгерген; «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесін бір маман жүргізеді.
- орындау тәртібі мен құжат айналымының тиімділігі:
- электроңды құжат және мемлекеттік органдардың интранет-портал айналымы стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.ЭҚ «Log book» , « МОИП » сегіз қызметкерде орналастырылған.
«Сәтбаев қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ-нің басшысы Б.Апеков