Тұрғындарды әлеуметті қорғау жүйесі, әлеуметтік- экономикалық саясатын жүзеге асыру институтының басты құралы болып табылады және мақсаты қоғамның экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Әлеуметтік қолдау көрсетуге мемлекет тарапынан барынша көңіл бөлінуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы өзіне үш бағытты көздейді.
Бағдарлмаманың бірінші бағыты: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамассыз ету». Осы бағыт бойынша қысқа мерзімді курстарға оқыту 2019 жылдың мамырынан басталады. 2019 жылға жоспар-190 адам.
Екінші бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» келесі міндеттерді көздейді: кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, кәсіпкерлік жобаларды қолдау, ауыл мен қалаларда несиелерді/шағын несиелерді кепілдеу. 2019 жылға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 45 мемлекеттік грант бөлінді. Гранттар бастапқы бизнесті өтеусіз және қайтарымсыз негізде іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын тұлғаларға берілетін болады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 12 шағын несие беріледі.
Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту» бағдарламасының бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді, әлеуметтік жұмыс орындарын құруды, жастар практикасын және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды көздейді. Жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына - 33 адам жіберілді, 2019 жылдың жоспары 35 адам, 2019 жылдың сәуір айынан жастар тәжірибесіне 15 адам жіберу жоспарлануда, 2019 жылдың жоспары 45 адамды құрайды. Қоғамдық жұмыстарға 201 адам жіберілді. Жыл басынан бос жұмыс орындарына барлығы 490 адам жұмысқа орналастырылды, 2019 жылға жоспар 2414 адам.
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, азаматтарға келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, оның ішінде шартты және шартсыз ақшалай көмек, тұрғын үй көмегі, үйде оқитын мүгедек-балаларға шығындарды өтеу, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек; мүгедек жандарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет түрін ұсыну, мүгедектерді қосымша оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, қарт адамдарға, мүгедектер мен мүгедек балаларға үйде күтім жасау.
Мобильді топтармен азаматтардың мәртебесін анықтау және формализациялау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Үйлер мен аулаларды аралау жүргізілуде. Мәртебесі анықталмағандар 3544 адам.
Оның ішінде:
- МЗЖ-15-сыз жұмыс істейтіндер (зейнетақы аударымдарынсыз);
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ( ЖК) - 0;
- өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-0 ;
- жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген) - 0;
- студенттер - 0 ;
- көшіп кеткендер-2844;
- қайтыс болғандар-1;
- формализациядан бас тартқандар-684;
– мәртебесі анықталмаған-0.
140 жұмыссызға хабарлама жіберілді, оларға бос орындар мен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұсынылды, сондай-ақ жұмысқа жолдама беріледі. Бүгінгі күні қалада жұмысқа орналастыру бойынша 2 пункт ашылды. Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары бойынша кеңес береді. Бұл механизм өзінің тиімділігін көрсетеді, жұмысқа орналастыру пункттерінде қысқа уақыт ішінде 91-ден астам адам жүгінді.
Халықты әлеуметтік қолдау мақсатында келесі көмек түрлері көрсетіледі: шартты және шартсыз ақшалай көмек түріндегі жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды оқытуға арналған шығындарды өтеу; мүгедектерге жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну, Мүгедектерді оңалтудың орнын толтырушы (көмекші) құралдарымен қамтамасыз ету; қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде қызмет көрсету.
Жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 17 шілдесіндегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының негізінде отбасының (тұлғаның) жалпы кірісі отбасының әрбір мүшесіне шаққанда төменгі күнкөріс деңгейінең 50 % кем болған жағдайда ұсынылады. Қарағанды облысы бойынша үшінші тоқсанда төменгі күнкөріс деңгейі 28284 теңгені, кедейшілік шегі -14142 теңгені құрайды. Жылдың басынан 78 отбасыға (312 адам) 8450,0 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді, 2019 жылдың жоспары 505 адам 21998,0 мың теңге (РБ-13998,0м.т., ЖБ- 11005,0м.т.). Жәрдемақыға өтініш беруші тұлғалардың ішінен Жұмыспен қамту орталығымен 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, қоғамдық жұмыстарға-1 адам жіберілді.
2019 жылғы 1 сәуірден бастап атаулы көмек тағайындау бойынша өзгерістер күтіледі: кедейлік шегінің мөлшері күнкөріс минимумынан 70%-ға дейін артады, 1 балаға берілетін көмек мөлшері 20789 теңгені құрайды, сондай-ақ тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысында көп балалы аналарға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, мүгедек балаларға арналған Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мен оқушылардың стипендиялары ескерілмейді. Осыған байланысты мобильді топтар құрылып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша күтіліп отырған өзгерістерді түсіндіру бойынша барлық көп балалы отбасыларды аралау жүргізілуде.
2019 жылы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегіне 1900,0 мың теңге көлемінде 103 отбасы 185 адамға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Жыл басынан бастап тұрғын үй көмегі 48 отбасыға (81 адамға) 815,0 мың теңге көлемінде тағайындалып, төленді.
Бүгінгі таңда қалада 3 үйде жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді. Сәтбаев қаласында 4584 мүгедектер тұрады, оның ішінде 1 топ мүгедегі- 265, 2 топ мүгедегі – 1760, 3 топ мүгедегі- 2312 және бала жастан мүгедек балалар саны- 247 адам.
Есепті кезеңде жергілікті бюджет есебінен келесі көмек түрлері көрсетілді:
- жүріп- тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін қамтамасыз ету бойынша 150 адам қамтылды, сомасы 9427,9 мың теңге;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жыл басынан бері 30 адамға 1500,0 мың теңге көлемінде төленді;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдық мерей тойына орай, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, ауған соғысының ардагерлеріне, ЧАЭС апатын жоюға қатысқандарға, тыл ардагерлеріне, концлагерь тұтқындарына, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, Кеңес әскерлерінің мүгедектеріне жергілікті бюджеттен біржолғы жәрдемақы 2019 жылы 800 адамға 26260,0 мың теңге төленеді;
- Қарттар күніне 80 жастан ақан қарттарға 2019 жылы 75 тен асқан қарттарға 2000 адам 10000,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі;
- Мүгедектер күніне орай бала жастан мүгедек балаларға, 1,2 топ мүгедектеріне 2019 жылы 2255 адамға 11275,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі.
Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж және халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту жұмыстар жалғасын табатын болады. Тапсырмаларды тиімді іске асыруға туындаған мәселелер жоқ.
Басшы Б. Апеков