«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 01.01.2019 дейінгі атқарылған жұмыстар және 2019 жылдың жоспары туралы ақпарат.

Тұрғындарды әлеуметті қорғау жүйесі, әлеуметтік- экономикалық саясатын жүзеге асыру институтының басты құралы болып табылады және мақсаты қоғамның экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Әлеуметтік қолдау көрсетуге мемлекет тарапынан барынша көңіл бөлінуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы  29  желтоқсандағы
№ 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы өзіне үш бағытты көздейді.

Бағдарлмаманың бірінші бағыты: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамассыз ету». 2018 жылдың 19 желтоқсан айына осы бағыт шеңберінде «Сәтбаев қаласының индустриалды колледжіне» қысқа мерзімді кәсіптік оқуға «Аспаз», «ЭЕМ операторы», «Электрмен дәнекерлеуші», «Тігінші», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша 123 жұмыссыз азаматтар жіберілді. 2018 жылға жоспар 104 адам оның 128% орындалды (2019 жылға жоспар - 90 адам). Сонымен қатар, тұрмысы төмен, отбасының орташа табысы төмеңгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларынан шыққан 9-шы сыныпты бітірген 38 оқушы «Қарсақпай агротехникалық колледжіне», «Фермерлік шаруашылық» мамандығы бойынша жіберілді, 2018 жылға жоспар 38 адам оның 100% орындалды, (2019 жылға жоспар 38 адам). Оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай.

Екінші бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» келесі міндеттерді көздейді:  кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, кәсіпкерлік жобаларды қолдау, ауыл мен қалаларда несиелерді/шағын несиелерді кепілдеу. Бүгінгі күнге несие алған 3 адам жалпы соммасы 48,2 млн.теңге.

Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту».

Осы бағыт аясында ағымдағы жылдың басынан бос жұмыс орнына 3557  адам жұмыс орнымен қамтылды. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орнына 75 адам жіберілді, 2018 жылға жоспар 43 адам оның 174% орындалды (2019 жылға жоспар 35 адам), жастар практикасына 71 адам жіберілді, 2018 жылға жоспар 43 адам оның 165% орындалды (2019 жылға жоспар 45 адам), қоғамдық жұмыс орныдарына 616 адам жіберілді 2018 жылға жоспар 500 адам оның 123% орындалды (2019 жылға жоспар 500 адам).

Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, азаматтарға келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, оның ішінде шартты және шартсыз ақшалай көмек, тұрғын үй көмегі, үйде оқитын мүгедек-балаларға шығындарды өтеу, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек; мүгедек жандарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет түрін ұсыну, мүгедектерді қосымша оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, қарт адамдарға, мүгедектер мен мүгедек балаларға үйде күтім жасау.

Мобильді топтармен азаматтардың мәртебесін анықтау және формализациялау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Үйлер мен аулаларды аралау жүргізілуде. Мәртебесі анықталмағандар 3859 адам.

Оның ішінде:

- МЗЖ-156-сыз жұмыс істейтіндер (зейнетақы аударымдарынсыз);

- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ( ЖК) - 0;

- өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-0 ;

- жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген) - 0;

- студенттер - 0 ;

- көшіп кеткендер-3626;

- қайтыс болғандар-0;

- формализациядан бас тартқандар-1;

– мәртебесі анықталмаған-76.

530 жұмыссызға хабарлама жіберілді, оларға бос орындар мен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұсынылды, сондай-ақ жұмысқа жолдама беріледі.

2018 жылдың 02 наурызында және 28 тамызда № 1 орта мектебінде жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Оған 48 жұмыс беруші қатысып, 319 бос жұмыс орны ұсынылды, 417 жұмыссыз осы жәрмеңкелерге қатысты. Өткізілген жәрмеңке қорытындысы бойынша 50 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 18 мүмкіндігі шектеулі және 2 пробация есебінде тұрған адам.

Халықты әлеуметтік қолдау мақсатында келесі көмек түрлері көрсетіледі: шартты және шартсыз ақшалай көмек түріндегі жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды оқытуға арналған шығындарды өтеу; мүгедектерге жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну, Мүгедектерді оңалтудың орнын толтырушы (көмекші) құралдарымен қамтамасыз ету; қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде қызмет көрсету.

Жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 17 шілдесіндегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының негізінде  отбасының (тұлғаның) жалпы кірісі отбасының әрбір мүшесіне шаққанда төменгі күнкөріс деңгейінең 50 %  кем болған жағдайда ұсынылады. Қарағанды облысы бойынша үшінші тоқсанда  төменгі күнкөріс деңгейі 28284 теңгені, кедейшілік шегі -14142 теңгені құрайды.  Жылдың басынан 131 отбасыға (520 адам) 22 200,0 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді 102% орындалды, 2019 жылдың жоспары 506 адам 21998,0 мың теңге (РБ-13998,0м.т., ЖБ- 11005,0м.т.). Жәрдемақыға өтініш беруші тұлғалардың ішінен Жұмыспен қамту орталығымен 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, қоғамдық жұмыстарға-9 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына-1 адам, қысқа мерзімдік  курстарға -8 адам жіберілді.

2018 жылы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегіне 2800,0 мың теңге көлемінде жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Жыл басынан бастап тұрғын үй көмегі 85 отбасыға (156 адамға)  1600,0 мың теңге көлемінде тағайындалып, төленді. 2019 жылдың жоспары 103 отбасы 185 адам 1900,0 мың теңге.

Бүгінгі таңда қалада 3 үйде жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді. Сәтбаев қаласында 4640 мүгедектер тұрады, оның ішінде 1 топ мүгедегі- 277, 2 топ мүгедегі – 1776, 3 топ мүгедегі- 2337 және бала жастан мүгедек балалар саны- 250 адам.

Есепті кезеңде жергілікті бюджет есебінен келесі көмек түрлері  көрсетілді:

- жүріп- тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін қамтамасыз ету бойынша 150 адам қамтылды, сомасы 37138,5 мың теңге, 2019 жылы 150 адамға 63006,0 мың теңге жоспарлануда;

- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жыл басынан бері 74 адамға 4000,0 мың теңге көлемінде төленді, 2019 жылы 70 адамға 6000,0 мың теңге жоспарлануда;

- инватакси қызметін 25 адам пайдаланады, сомасы 1760,0 мың теңге, 2019 жылы 20 адамға 3500,0 мың теңге жоспарлануда;

- массаж қызметін 35 мүмкіндігі шектеулі балалар пайдалануда, сомасы 2760,0 мың теңгені құрайды, 2019 жылы 50 балаға  12020,0 мың теңге жоспарлануда.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдық мерей тойына орай, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, ауған соғысының ардагерлеріне, ЧАЭС апатын жоюға қатысқандарға, тыл ардагерлеріне, концлагерь тұтқындарына, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, Кеңес әскерлерінің мүгедектеріне   жергілікті бюджеттен біржолғы жәрдемақы төленді. Барлығы 797 адам,  8530,0 мың теңге көлемінде. 2019 жылы 800 адамға 26260,0 мың теңге жоспарлануда;

- Қарттар күніне 80 жастан ақан қарттарға 1020 адамға 5100,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. 2019 жылы 75 тен асқан қарттарға 2000 адам 10000,0 мың теңге жоспарлануда;

- Мүгедектер күніне орай бала жастан мүгедек балаларға, 1,2 топ мүгедектеріне 2000 адамға 10000,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді, 2019 жылы 2255 адамға 11275,0 мың теңге жоспарлануда. Сонымен қатар, мерекелік күндерге аз қамтылған мүгедектерге азық-түлік жиынтығы таратылады.

Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж және халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту жұмыстар жалғасын табатын болады. Тапсырмаларды тиімді іске асыруға туындаған мәселелер жоқ.

 

Басшы                                                                                  Б. Апеков

Дата публикации
24 декабря 2020