«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
1.«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (әрі қарай - Стандарт) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және құндылықтар мен моральдық бағдарлар жүйесін құру жолымен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалына қол жеткізуге бағытталған.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
3.1.Құқықтар мен заңды мүдделерді іске асыру кезінде:
- кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға не кез келген әрекеттерге жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілерін тоқтату;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне негізсіз жария аыйп тағылған кезде осындай айыптау анықталған күнен бастап бір ай мерзімде оның теріске шығару жөнінде заңда көзделген барлық шараларды қолдану;
- өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде заңдылықты, адалдықты, тұрақтылықты сақтау қағидаттарына негізделген, құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпарат бойынша осындай құқық бұзушылықты жою және тоқтату жөніндегі барлық қажетті шараларды қолдану;
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
- өз іс- әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және
өзге де кедергілерге жол бермеу.Мұндай фактілер анықталған жағдайда оларды жою бойынша заңда кезделген барлық шараларды қолдану;
- алдыңғы себептер туғызатын сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға қабылданатын ішкі құжаттарға талдау мен сараптама жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және бұрын қабылданған ішкі кұжаттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдкріне талдау жүргізу.
Оларда сыбайлас жемқорлық факторларының бар болуы анықталған жағдайда оларды жоюға шаралар қолдану.
3.4.Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
Бағынышты қызметкерлермен қарым-қатынастағы басшыларға ұсынылады:
- өзінің мінез-құлқының турашылдығымен, әділдігімен, адал ниеттілігімен,адалдығымен,тұрақтылығымен үлгі көрсету;
- кадр мәселелерін шешу кезінде, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілерді бойынша артықшылық қөрсетпеу;
- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау сондай-ақ көтермелеу және жаза шараларын өолдану кезінде әділдік және объективтілік таныту;
- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
-құқыққа қарсы іс-әрекеттерді сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сыйыспайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлемеу.
Басшылармен қарым -қатынастағы бағыныштыларға ұсынылады:
- тапсырмаларды орындау кез3нде тек объективті және дәйекті мәліметтерді ұсыну,басқа да қызметкерлер, контрагенттер немесе өзге де тұлғалар әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық туралы өздеріне мәлім болған жағдайда басшылықты дереу хабардар ету;
- басшылыққа қатысты жеке басына берілгендік, олардың лауазымдық мүмкіндіктер есебінен пайда мен артықшылық алуға ұмтылу көріністеріне жол бермеу.
- жақын туыстары мен жекжаттарының, ерлі-зайыптылардың бірлескен қызмет (жұмыс) жасауына жол бермеу:
