Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне
Саран қаласының жергілікті бюджетінен біржолғы ақшалай көмек көрсетілді.
Төлем мөлшері:
* 5 АЕК (21 625 теңге) - I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
* 10 АЕК (43 250 теңге) - мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға.
Аталған шара мүгедектігі бар азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Егер адамда бірнеше негіз болса (мысалы, 8 наурызға орай көп балалы отбасыларға және марапатталған аналарға, Жеңіс күніне орай - тыл еңбеккерлеріне төлем жүргізілді), төлем олардың біреуі бойынша ғана - сомасы ең көп болатын жағдайда тағайындалады.
Осылайша, егер ағымдағы жылы төлем Жеңіс күні мерекесіне немесе 8 наурызға, 1 қазанға немесе мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне жүргізілсе, онда азамат жылына екінші рет төлем ала алмайды.
Ағымдағы жылдан бастап әртүрлі санаттар бойынша төлемдерді жинақтау заңнамада көзделмеген.
2026 жылғы 18 қыркүйекте қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 102 бұйрығымен мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдердің жаңа тізбесі бекітілді:
1) толық соқырлық;
2) түзетумен екі көзінің 0,03-ке дейін көру өткірлігі;
3) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі вестибулярлық мишықтың бұзылысы;
4) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі гиперкинетикалық амиостатикалық синдромы;
5) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі паркинсонизмі (акинетикалық-регидтік түрі);
6) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі гемипарез, төменгі парапарез, трипарез, тетрапарез;
7) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі гемиплегия, триплегия, параплегия, тетраплегия, диплегия;
8) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі қанайналым және тыныс алу функцияларының бұзылысы (ІІІ сатыдағы қанайналым жеткіліксіздігі, ІV функциялық кластағы сәйкесінше стенокардияның коронарлық жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және ІІІ сатылардағы өкпе-жүрек функциясы жеткіліксіздігімен қосарласқан ІІІ сатыдағы тыныс алу жеткіліксіздігі және басқалар);
9) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі несеп шығару жүйесі функциясының бұзылысы (диализ терапиясын алушылар);
10) ІІІ-ІV дәрежедегі буын функцияларының бұзылысын қоса алғанда, жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі организмнің статикалық-динамикалық функцияларының бұзылысы;
11) протезге жатпайтын және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың ампутациялық тұқылдары;
12) протезге жатпайтын және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың туа біткен даму ауытқулары;
13) протезге жатпайтын екі санның ампутациялық тұқылдары;
14) протезге жатпайтын, қолдың айқын көрінетін функциялық бұзылыстарымен, жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі сирақтың ампутациялық тұқылдары;
15) жүріп-тұрудың ІІІ үшінші дәрежедегі бұзылысымен аяқтардың туа біткен даму ауытқулары;
16) жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын қолдарының айқын функциялық бұзылыстарымен қосарласқан буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылысымен екі жамбас-сан немесе тізе буындарының шорбуындары, контрактуралары;
17) заңды өкілінің сүйемелдеуіне мұқтаж ауыр мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар психикалық аурулар;
18) жай-күйі ауырлығының ауырлық дәрежесімен иммундық жүйенің туа біткен бұзылысы.
Іс-шара барысында қатысушылар негізгі мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі мен шарттарын егжей-тегжейлі талқылады.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
– Тұрғын үй көмегін тағайындау: көрсетілетін қызметті алушылар үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын өтеу тетіктерін түсіндіру.
– Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) тағайындау: сәйкестік критерийлері, құжаттарды тапсыру рәсімі және төлемдердің жаңа стандарттары.
– Әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу: есептеу тәртібі, мемлекеттік көмектің әртүрлі түрлерінің мерзімдері мен өзекті мөлшері.
Кездесу ашық диалог форматында өтті, онда әрбір ардагер жеке кеңес алып, әлеуметтік қорғаудың қызықты сұрақтарына жауап ала алды.
Қатты отын шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек:
– жасы бойынша жалғыз тұратын зейнеткерлерге,
– бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға,
– 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға,
– атаулы әлеуметтік көмек алушыларға,
пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын,меншік иесі болып табылатын, өздерінде және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған жағдайда және жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 2 КД аспайтын болған кезде беріледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің отын сатып алуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, бірақ жылыту маусымында 1 рет 16 АЕК аспайды.
Отынды сатып алуға әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар бірнеше адам бір жеке меншік тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек біреуіне ғана беріледі.
Әлеуметтік көмек жылыту маусымында мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде беріледі:
– жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
– қатты отын сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын құжат (чектердің көшірмелері, жүкқұжат, шот-фактура, анықтама);
– адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
– мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері, жергілікті атқарушы органның қаулысы не бұйрығы);
– жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама;
– екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпошта» АҚ шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жүгіну қажет, мекенжайы: Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 үй, немесе мына телефонға хабарласу қажет: 7-68-04, 7-90-77.
Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Ақтас поселкесінің тұрғындарымен барып кездесті.
Басты мақсат – мемлекеттік төлемдердің қалай есептелетінін және кімдерге берілетінін қарапайым түрде түсіндіру.
Екі маңызды бағыт толығырақ түсіндірілді:
1. Тұрғын үй көмегі: коммуналдық қызметтер өтемақысына кімдер ие болады және қайда, қалай рәсімдеу қажет.
2. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК): бүгінгі таңда қандай критерийлер бар және төлемді тағайындау үшін не қажет.
Поселок тұрғындары өздерін алаңдатқан сұрақтарды тікелей қоя алды. Мамандар нақты өмірлік жағдайларды қарастырды, құжаттар пакетін қалай дұрыс жинау керектігін айтты және толық жауап берді.
Онымен қоса, Қарттар күніне (1 қазан) орай төлем туралы ақпарат ұсынылды. Саран қаласы мен Ақтас поселкесінде тұратын 75 жастағы және одан асқан адамдарға 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төлеу жүргізілді.
Мамандар төлемдердің мерзімділігіне ерекше назар аударды ұсынды – бұл көмек жылына бір рет көрсетіледі. Бірнеше негіз болған жағдайда, төлем сомасы көбірек болған бір жеңілдік бойынша ғана тағайындалады. Ағымдағы жылдан бастап әртүрлі санаттар бойынша төлемдерді жинақтау заңнамада көзделмеген.
Бұл күн сіздің жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдарға берген өмірлік тәжірибеңіз, даналығыңыз, мейірімділігіңіз бен жылулығыңыз үшін сізге шын жүректен алғыс пен құрмет көрсетудің тамаша мүмкіндігі.
Сізге зор денсаулық, жан тыныштығын, амандық және жақындарыңыздың қамқорлығын тілейміз. Сіздің өміріңізде жарқын және қуанышты күндер, жағымды кездесулер, жылы сөздер мен бақытты сәттер болсын.
Әрбір жаңа күн жылулық, жақсы көңіл-күй әкелсін және әрқашан қуанышпен бөлісе алатын, қолдау білдіре алатын адамдар қастарыңыздан табылсын.
«Қарттар күні» (1 қазан) мерекесіне Саран қаласы мен Ақтас поселкесінде тұратын 75 жастағы және одан асқан адамдарға 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төлеу жүргізілді.
✔ Көмекті тағайындаудың маңызды ережесі:
ҚР Үкіметінің қаулысына (30.06.2023ж .№ 523) сәйкес мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек күнтізбелік жылда бір рет тағайындалады.
✔ Егер бірнеше жеңілдік мәртебесі болса, не істеу керек?
Бірнеше негіз болған жағдайда, төлем сомасы көбірек болған бір жеңілдік бойынша ғана тағайындалады. Ағымдағы жылдан бастап әртүрлі санаттар бойынша төлемдерді жинақтау заңнамада көзделмеген.
«Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ маманы жалғызбасты зейнеткерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Қарттар күні» (1 қазан) мерекесіне Саран қаласы мен Ақтас поселкесінде тұратын 75 жастағы және одан асқан адамдарға 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төлеу жүргізілді.
✔ Көмекті тағайындаудың маңызды ережесі:
ҚР Үкіметінің қаулысына (30.06.2023ж. № 523) сәйкес мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек күнтізбелік жылда бір рет тағайындалады.
✔ Егер бірнеше жеңілдік мәртебесі болса, не істеу керек?
Бірнеше негіз болған жағдайда, төлем сомасы көбірек болған бір жеңілдік бойынша ғана тағайындалады. Ағымдағы жылдан бастап әртүрлі санаттар бойынша төлемдерді жинақтау заңнамада көзделмеген.
Марапатталғандардың арасында Саран қаласының «Galex Plus» СТТФ» ЖШС пішу цехының шебері Зенкина Валентина Васильевна марапатталғандардың қатарында болды, ол «Құрмет» орденінің жоғары мемлекеттік наградасын иеленді.
Валентина Васильевнаның 52 жылдық еңбек өтілі кәсіби шеберлікке, жауапкершілікке және өз ісіне деген адалдыққа толы.
Жоғары мемлекеттік награда оның көп жылғы еңбегін, кәсіби жетістіктерін және отандық өндірісті дамытуға қосқан елеулі үлесін лайықты мойындауға айналды.
Валентина Васильевнаны лайықты марапатымен құттықтаймыз!
Саран қаласы өзінің еңбекқор және лайықты жерлестерімен мақтанады!
Бұл жолы басты шабыт көзі — күздің өзі болды 🍁 Шығармашылық жұмыстарда түрлі табиғи материалдар: бүрлер, тұқымдар, кептірілген гүлдер, жапырақтар және өз қолымызбен жинауға болатын басқа да табиғи дүниелер пайдаланылды.
Қатысушылардың шеберханаға жай ғана келіп қоймай, алдын ала дайындалғаны ерекше қуантты. Әрқайсысы өзі жинаған табиғи материалдарын ала келіп, күзгі көңіл күйдің бір бөлшегін өзгелермен бөлісті.
Бүгін біз көп жиналдық. Әр қатысушы өз қиялын танытып, ерекше дүние жасап, жақсы ортада уақытын көңілді өткізді. Ең бастысы — барлығы риза болып, жүздеріне күлкі ұялап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты! ❤️
Осындай шығармашылық кездесулер шынайы шабыттың дәл жанымызда екенін тағы бір дәлелдейді. Айналаға қарап, күздің әсемдігін көре білу жеткілікті. 🍂✨