
Кездесуге Саран қаласының құқық қорғау органдары қатысты: қала Прокуроры, Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, пробация қызметі инспекторы, сондай-ақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Мансап орталығының өкілдері.
Отырыс барысында сотталған адамдар ресми жұмысқа орналасу, тұрғын үй, материалдық көмек мәселелерін көтерді.
Жұмысқа орналасу, қайта оқыту, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, жеке іс ашуға өтеусіз мемлекеттік грант алу, шағын несие беру, әлеуметтік жәрдемақыларды ресімдеу және т. б. мүмкіндіктері туралы кеңес берілді.