Жұмыспен қамту секторы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты:
Қаланың еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау жүргізу. Кадрларға болжамды қажеттілік бойынша қаланың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен жұмыс;
Ұлттық жобалар, өңірлік жұмыспен қамту картасын дамыту жоспарлары және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде жұмыс орындарын құруға мониторинг жүргізу;
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» және «Еңбек жолы» республикалық конкурстарына қатысушылардың құжаттарын жинау және дайындау;
Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу бойынша қаланың кәсіпорындарымен және мекемелерімен жұмыс жүргізу;
Сектордың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияға материалдар дайындау;
«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке мониторинг жүргізу;
Азаматтардың жекелеген санаттарын (мүгедектігі бар адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды) жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота беру үшін құжаттарды дайындау;
Әлеуметтік қолдауға мұқтаж халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу;
Жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
Еңбек заңнамасының нормаларын сақтау бойынша қаланың мекемелерімен және кәсіпорындарымен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
Кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы қаланың жұмыс орындарын құруды қолдау;
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізу;
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы іске асырады.