Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу, Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет - қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарына мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 17 мемлекеттік қызметті келесі қызмет бағыттарына сәйкес көрсетеді:

Атаулы әлеуметтік көмек
Жұмыспен қамту секторының жұмысы туралы
Халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қамсыздандыру
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау
Арнаулы әлеуметтік қызметтер

 «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар        бөлімі» ММ жеке тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «электрондық үкімет» порталы, «Еnbek.kz» порталы, проактивті форматта (Е-собес), көрсетілетін қызметті беруші арқылы қызмет алу мүмкіндігін түсіндіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін ұсыну бойынша қызметтер сұранысқа ие болды.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат белгіленген талаптарға сәйкес ресми стендте және бөлімнің баршаға көрінетін жерінде орналасқан.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде бөлім мамандары өтініш берушіден құжаттарды ыңғайлы қабылдау үшін жағдай жасайды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

egov.kz. - «электрондық үкімет» порталында мемлекеттік қызметті одан әрі алу мүмкіндігі үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қажеттілігі туралы қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қызметті көрсетудің электрондық форматына көшу мақсатында «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталған.

 

Дата публикации
17 августа 2020
Дата обновления
17 августа 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

16 сентября 2025
«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемқызметін алу бойынша жадынама
Ақпарат
31 июля 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы