Халықты жұмыспен қамту бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жол картасын жасады.
Жобаның жалпы сомасы 2 806 411 мың теңге.
Жобалардың жалпы саны – 40:
Саран қаласының бюджеті арқылы 2 116 690 мың теңге сомаға 37 объект;
Облыс бюджеті арқылы 689 721 мың теңге сомада 3 объект.
676 адамды, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 338 адамды қамтитын жұмыс орындарын құру жоспарланған.
Өткізілген конкурс саны – 39 (37-қалалық және 3-республикалық). 1 жоба жарияланған жоқ (ФОКа құрылысы). «Саран қ. қазандығының ққұрылысы» жобасы бойынша шартқа қол қойылмаған. Осы объектілерге жіберілетін орындардың жоспарлы саны 201 адам, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 100 адам.
38 жобада 488, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 244 жұмыс орнын құру қарастырылған.
Ағымдағы жылғы 17 тамыздағы жағдай бойынша Жұмыспен қамту жол картасының 38 жобасына 456 адам, оның ішінде «Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы 233 адам немесе жұмыссыз азаматтардың 50% жіберілді, бұл Жұмыспен қамту жол картасы 2020 ережесіне сәйкес келеді. Жұмысқа орналастырылған барлық азаматтарға келісімшарт электронды базаға енгізілді.
Қазіргі уақытта жұмысқа орналасуға мұқтаж азаматтардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылымдық жобаларға жұмыскерлерді іріктеу туралы хабарландыру БАҚ, ресми сайттарға, әлеуметтік желілерге орналастырылды. Тұрғын үйлердің кіреберістеріне, дүкендерге хабарламалар жабысырылды. Жұмыспен қамту жол картасының іс шаралары туралы ақпаратты ролик әеуметтік желілерде, lED-экранда көрсетілуде.
Пробация қызметінде тұратын азаматтармен, алименшілермен, атаулы әлеуметтік көмек алушылармен, түлектермен және халықтың басқа да топтарымен жұмыс жүргізілді.
Уақытша маусымдық жұмыстармен (қазандықтармен) айналысатын азаматтар, сондай-ақ карантин кезеңінде табысын жоғалтқан және жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген азаматтар тартылады.