«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында мүгедектігі бар адамдарға кеңес беру және мемлекеттік қызмет көрсету. Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары есту қабілеті нашар қызмет алушыларға ымдау тілі маманының көмегі арқылы сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мерзімдері жөнінде кеңес береді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында кеңес алғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушы «Е-собес» ақпараттық жүйесінің кезектілік журналына тіркелу үшін және Әлеуметтік қызметтер порталында тапсырысты ресімдеу үшін, жұмыспен қамту бөлімінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жолдайды.