Меню

Страницы

Статья

Оформление документов на обеспечение инвалидов и детей инвалидов санаторно-курортным лечением

Шипажай-курорттық емделуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға «Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Қызмет) ұсынылады.

Мүгедектігі бар адамдардың немесе олардың заңды өкілдерінің не олардан құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдардың өтінім жолдау мүмкіндігі бар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ХҚКО);

2) «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар             бөлімі» ММ;

3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (бұдан әрі - абоненттік құрылғы) - проактивті қызмет;

4) электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - веб-портал).

ХҚКО-ға немесе жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде мынадай құжаттарды ұсыну қажет: өтініш, жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), нотариаттық куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамнан сенімхат (қажет болған жағдайда).

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді мамандар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

Қызметті алуға өтініш берілген кезде, еңбек мертігуінен немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдар мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні және жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе кінәсінен еңбек мертігуі немесе кәсіптік ауруы алынған заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.

Мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы болу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ және халыққа қызмет көрсету орталығының Саран филиалында, «Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ-де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталды.

Әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) іске қосылды, портал мүгедек адамдарға мемлекет кепілдік берген бағалар бойынша жеткізушілерден шипажай-курорттық емделуге жолдамаларды өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады. Порталда көрсетілетін қызметтерді алушы оларды таңдаған кезде қосымша ақы төлеген жағдайда, неғұрлым қымбат жолдамаларды сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. Порталда қызметтерді алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Мүгедектігі бар адамдар берген өтініштер ағымдағы жылға бөлінген қаржыландыруды ескере отырып, орындау үшін Порталға жолданады, содан кейін қызмет алушыларға тапсырысты ресімдеу мүмкіндігін беру туралы телефонға СМС хабарлама келеді. Тапсырысты ресімдегеннен және өнім берушіден оң жауап алғаннан кейін қызметті алушының жеке кабинетіне төсек-орынның бар-жоғын растау туралы хабарлама жолданады.

Шипажай-курорттық емдеу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге ұсынылады.

Шипажай-курорттық емделуге жол жүру шығындарын төлеу мүгедектігі бар адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2022 жылы шипажай-курорттық ем алған мүгедектігі бар адамдар 2023 жылғы         1 қаңтардан кейінгі келесі жылға өтініш бере алады.

Анықтама үшін байланыс телефондары: 8(72137)76805, 8(778)9796632

Дата публикации
12 декабря 2022
Дата обновления
12 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

16 сентября 2025
«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемқызметін алу бойынша жадынама
Ақпарат
31 июля 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы