«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

 

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 75 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімілімінде № 6520-09 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

Осы шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

5-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

 оқу-жаттығу жиындарына шақырылған және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

ұрыс қимылдарының жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне    45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, зақым алған немесе мертіккен ұрыс қимылдарды қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, зақым алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметті өткеру кезінде алған жаралануы, зақым алуы, мертігуі салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

 бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жаралануы, зақым алуы, мертігуі салдарынан, майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты сырқаттануы салдарынан мүгедектігі белгіленген басшы және қатардағы құрамдағы адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

басқа елдерде жұмыс істеп тұрған әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жаралануы, зақым алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан мүгедектігі белгіленген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

1944 жылғы 1 қаңтар мен 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығында Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында жұмыс істеген жауынгерлер мен жауынгерлік батальондардың, взводтар мен халықты қорғау отрядтарының командалық құрамынан шыққан, осы батальондардағы, взводтардағы, отрядтардағы қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жаралануы, зақым алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;»; 

7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштен;

бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштен;»;

7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«3) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күніне:

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасына қоныс аудару және қоныс аудару аймақтарынан эвакуацияланған (өз бетінше кеткен) адамдарға        45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

 сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;»;

7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«4) 7 мамыр – Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күніне:

1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне            45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгершілік ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

1986-1991 жылдар аралығында Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдарына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;»;

7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«5) 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіштен;

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштен;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған жесірлеріне; қайта некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштен;

бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштен;

 Социалистік Еңбек Ері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

«Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіштен;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштен;

1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштен;»;

7-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«7) 1 қазан – Қарттар күніне:

жетпіс бес жасқа толған және одан асқан адамдарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштен;»;

7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«8) қазан айының екінші жексенбісі – Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне:

бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштен;

жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балаларға 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен;»;

7-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«10) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне:

1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға 95 (тоқсан бес) айлық есептік көрсеткіштен;»;

7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«11) әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек:

«Саран қаласының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізіміне сәйкес туберкулез ауруы бар адамдарға жылына 1 (бір) рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тізіміне сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балаларға 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде көрсетіледі;»;

7-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«12) ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек Саран қаласы мен Ақтас кентінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы уәкілетті орган бекіткен төлем бойынша, бірақ әр балаға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, ата-аналар нақты жүргізген шығыстардың 50 % (елу) мөлшерінде тоқсан сайын көрсетіледі;»;

7-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«13) «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде жылына 1 (бір) рет 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай төлемдер түріндегі коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек:

басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге;

 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;

1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;

 Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына көрсетіледі;»;

7-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 17) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«18) Саран қаласының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізіміне сәйкес туберкулез ауруы бар адамдарды және Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тізіміне сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балаларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің          1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын болса жылына 1 (бір) рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Аталған санаттағы адамдарға әлеуметтік көмек аталған тармақтың 11) тармақшасында белгіленген тәртіп пен мөлшерде көрсетіледі;»;

7-тармақтың 19) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 20) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 21) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«22) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын болса, әлеуметтік көмек жылына 1 (бір) рет, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде:

пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға анықтама негізінде босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей;

жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығы жоқ адамдарға;

жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын адамдарға беріледі.

Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) негізінде есептеледі.

Отбасы құрамы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес анықталады.

Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісін есептеу кезеңіндегі (өткен тоқсандағы) отбасының жиынтық кірісі көрсетілген кезеңдегі (үш ай) айлардың санына және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.

Осы Қағидалардың 7-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген адамдарға, егер олар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болмаса, әлеуметтік көмек көрсетіледі.»;

7-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«23) санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының шегінде санаторийлік-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жеке бағдарламада жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі бар) алып жүретін адамдарға, санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеу ретінде нақты шығындар мөлшерінде, бірақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайды.

Әлеуметтік көмек мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде ұсынылады:

жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

шот-фактура;

атқарылған жұмыстардың актілері;

екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы шот нөмірі туралы мәліметтер.

Санаторийлік-курорттық емдеуден өту орнына дейін және кері қайту жол жүру құнын төлеу санаторийлік-курорттық ем алушының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.»;

7-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«24) санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек ардагерлерге Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес кірістерді есепке алмағанда жылына          1 (бір) рет санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеу түрінде 14 күннен аспайтын, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторийлік-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын өтем түрінде беріледі.

Санаторийлік-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (АОБ) әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді;»;

7-тармақтың 25) тармақшасы алынып тасталсын;

7-тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«26) қатты отын сатып алуға жұмсаған шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын не меншiк иесi болып табылатын, өздерінде және отбасы мүшелерiнде басқа тұрғын үй болмаған жағдайда және жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 1 (бір) мөлшерiнен аспайтын жағдайда жасы бойынша зейнеткерлерге, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншыларына немесе қамқоршыларына төленеді.

Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің отын сатып алуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, бірақ жылыту маусымында 1 (бір) рет 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Отынды сатып алуға әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.

Жылыту маусымында әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды қоса бере отырып, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді:

жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

қатты отын сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын құжат (чектердің көшірмелері, жүкқұжат, анықтама, т. б.);

адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері, жергілікті атқарушы органның қаулысы не бұйрығы);

жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама;

екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

ТАӘ

 

Дата публикации
06 апреля 2026