«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Туы, Елтаңбасы, Әнұраны) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қолданылады.
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жарамсыз болып қалған Мемлекеттік рәміздерді сатып алу, пайдалану және жою бойынша тұрақты комиссия жұмыс істейді.
Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45-үй мекенжайында орналасқан «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орналасқан.
Бірінші басшының кабинетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба) орнатылды.
Ұйымның мөрі және «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде фирмалық бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері бар, лицензияланған ұйымдардан сатып алынды.
Жарамсыз болып қалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жою «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Сондай-ақ, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жыл сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.
Ағымдағы жылы «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне, атап айтқанда: Мемлекеттік Туға, Мемлекеттік Елтаңбаға және Мемлекеттік Әнұранға қатысты үйде қызмет алатын балалар тәрбиеленетін отбасы мүшелерімен әңгімелер өткізілді;
2) жалпыға бірдей құқықтық оқыту аясында 2025 жылғы 29 мамырда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық Заңын және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысын зерделеу жүргізілді;
3) бір жыл ішінде қолданыстағы ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне оларды ауыстыру және жою тұрғысынан тексеру жүргізілді.