Арнайы жұмыс орындары – бұл жұмыс берушілер тарапынан мүгедектігі бар адамдардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін (көру, есту қабілетінің бұзылуы, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы) ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы құрылатын және (немесе) жабдықталатын жұмыс орындары.
Бағдарламаға қатыса алады:
- меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілер;
- жеке кәсіпкерлер;
- Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі?
Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің мүгедектігі бар қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жабдықтарды сатып алу және жұмыс орнын жарақтандыру бойынша шығындарын өтейді.
Шарт негізінде мемлекет мүгедектігі бар жұмысқа орналасқан тұлғаның еңбекақысының бір бөлігін ай сайын субсидиялайды:
- алғашқы 12 айда – еңбекақының 70%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
- 13 айдан 24 айға дейін – 65%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
- 25 айдан 36 айға дейін – 60%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
Жұмыс берушінің қатысу тәртібі
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Саран қаласы, Ленин даңғылы, 11-үй мекенжайында орналасқан Саран қаласының Мансап орталығына хабарласуға болады.
Телефон: +7 (72137) 7-48-07.