«Мемлекеттік грант» – бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал.
Грант мөлшері – 400 АЕК-ке дейін (2026 жылы – 1 730 000 теңге).
Грант алу үшін негізгі талаптар:
- жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне 3 жылға дейін);
- ресми тіркелген жұмыссыздар.
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- көпбалалы отбасылар;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
- қоныс аударушылар;
- қандастар;
- еңбек етуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар тұлғалар;
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және (немесе) олардың жұбайлары.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификатты business.enbek.kz сайтында тегін 14 күнтізбелік күн ішінде алуға болады. Ол үшін онлайн оқудан (бейнесабақтар) өтіп, тестілеуді сәтті тапсыру қажет.
Мемлекеттік грант алу кезеңдері (business.enbek.kz порталы арқылы):
Гранттар келесі бағыттарда беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Грантқа өтінім қабылдау басталғаны туралы ақпарат 10 күн бұрын business.enbek.kz сайтында, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығы (emo_karagandy_obl) мен Мансап орталықтарының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Саран қаласы, Ленин даңғылы, 11-үй мекенжайында орналасқан Саран қаласының Мансап орталығына хабарласуға болады.
Телефон: +7 (72137) 7-48-07.