Бөлім 16 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы 2 162 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпораиясы арқылы – 467;
бөлімге тікелей жүгіну арқылы – 230;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 1 339;
проактивті форматта – 117.
Барлық қызметтер толық көлемде мерзімді бұзбай көрсетілді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек Әлеуметтік кодекске сәйкес іске асырылады және отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмысқа орналасқан жағдайда мұқтаждығын бағалаумен жүзеге асырылады. Тағайындалатын көмектің мөлшері отбасының жиынтық табысына байланысты (табыс КШ – 41 518 теңгеден аспайды).
2025 жылдың 12 айында атаулы әлеуметтік көмек 27 отбасына (98 алушы) төленді.
Сонымен қатар атаулы көмек алушыларға 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем жүргізіледі. Төлем 15 отбасыға төленді – бұл 22 бала. Мөлшер 1,5 АЕК немесе 5 898 теңгені құрайды.
Есепті кезеңде 8 отбасына (48 алушыға) шартты ақшалай көмек тағайындалды, оның ішінде 10 еңбекке қабілетті азамат, оның ішінде 8 адам өтініш берген кезде жұмыс істеді, 2 – бала күтімімен айналысатын адамдар.
Жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК еңбекке қабілетті алушылардың үлес салмағы жоспар бойынша 80% құрады, жоспар бойынша 77,3%.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге 384 өтініш қабылданды.
Ағымдағы жылы 112 отбасыға тағайындалды. Жәрдемақының орташа мөлшері 1 806 теңгені құрайды.
2025 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мүгедек балаға тоқсан сайын 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде жүргізілді.
Барлығы 18 бала көмек алушылар болып табылады.
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету. Көмектің бұл түрі мерекелік күндерге, сондай-ақ отбасында өмірлік қиын жағдай (бұдан әрі – ӨҚЖ) туындаған кезде көрсетіледі.
Мерекелік күндерге төлемді көпбалалы отбасылар, ауған жауынгерлері, тыл еңбеккерлері, Чернобыль АЭС-на зардаптарды жоюға қатысқан адамдар, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар, 75 жасқа толған және одан асқан қарт адамдар төлемдер алды.
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген (13 ауру) тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар ауруы бар барлық азаматтар ӨҚЖ басталған кезде біржолғы көмек алуға құқылы.
Бұл ретте онкология 3 және 4 сатысы бар адамдарға көмек 20 АЕК бойынша кірісті есепке алмай төленеді. Мұндай көмекті 82 адам алды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар – 15 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем түрінде 53 адам көмек алды.
Өрт салдарынан зардап шеккен адамдар – 7 азамат 150 АЕК (589 800 теңге) мөлшерінде материалдық көмек алды.
Жалпы, ӨҚЖ басталған кезде төлемдерді 295 адам алды.
2025 жылы барлығы 5 181 адам әлеуметтік көмек алды.
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға аймақтарда тұру фактісі мен кезеңі расталған кезде Куәлік беріледі және біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.
2025 жылы барлығы 52 адам мемлекеттік қызмет алды.
2025 жылы бөлімге еңбекші көшіп келушілерден 289, оның ішінде еңбек рұқсатын беруге 235, созуға 54 өтініш түсті. Келіп түскен 289 өтініштен 216 мақұлданды, 73 бас тартылды (ЖАО – 38, ІІМ – 35).
Бұл қызмет Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Әзірбайжаннан жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуі үшін келген еңбекші көшіп келушілерге көрсетіледі.
2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан 29 өтініш келіп түсті. 2024 жылдан бастап 1-ші ауыспалы өтінішті ескере отырып: 25 өтініш қаралды, 5 өтініш тиісті ұйымдарға мәселелердің тиесілігі бойынша қайта жіберілді.
Өтініштердің барлығы мерзімді және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбай отырып қаралды.
Қалада мүгедектігі бар 2 143 адам (бұдан әрі – МБА) тұрады.
Мүгедектігі бар адамдарға 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Әлеуметтік кодекске және басқа да нормативті-құқықтық актілерге сәйкес, МБА тегін арнайы жүріп-тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етіледі, ұсынылатын абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес (бұдан әрі –АОЖБ) санаторийлік-курорттық емдеу, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтері ұсыналды.
2025 жылы орындауға 2 021 АОЖБ тіркелді, оның ішінде 2 006 АОЖБ орындалды, бұл 99,3% құрайды, жоспар бойынша 95%.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде: 365 адам санаторий-курорттық емдеумен қамтылды, 24 МБА жестау тілі маманының қызметтері ұсынылды, 87 МБА жеке көмекшінің қызметтері ұсынылды. Оңалтудың техникалық көмекші құралдарының 1 532 түрі берілді.
Есептік кезеңде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін мемлекеттік мекемелерге 33 адам жіберілді.
2025 жылы 45 қарт адамға және мүгедектігі бар адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылықты ресімдеуге көмек көрсетілді. 19 қорғаншылар мен қамқоршыларға мәмілелер жасауға, шоттар ашуға және т. б. рұқсат берілді.
Саран қаласы мен Ақтас поселкесінің 4 әлеуметтік көмек бөлімшесінле үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі: 1, 2 топтағы МБА, мүгедектігі бар балаларға және жалғызбасты қарт азаматтарға – 320 адам.
«Халықпен бірге» 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 объектіде бейімдеу бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді. 2025 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш орындалды.
Бөлім Отбасының цифрлық картасы жөніндегі штабтың, әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның, Мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі кеңестің және азаматтарды төлеу және тексеру жөніндегі 4 арнайы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында азаматтардың осал санаттарына әлеуметтік жобалар ұйымдастырылған:
1) МБА үшін «Инватакси» қызметтерін ұсынуға 166 өтініш тіркелген. 2025 жыл ішінде 123 адам қызметті тиімді пайдаланды, оның 35 – і 18 жасқа дейінгі балалар.
МБА «Инватакси» қызметтерін ұсынуға 166 өтініш тіркелді. 2025 жыл ішінде 123 адам қызметті тиімді пайдаланды, оның 35-і 18 жасқа дейінгі балалар.
29 460,0 мың теңге сомасында қаржыландыру игерілді.
2) 2024 жылдан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен Отбасын қолдау орталығы жұмыс жасайды. 2025 жылда Орталық пробеламалы отбасыларға 1870 қызмет (заңды және психологиялық көмек, жұмысқа орналастыру, тренингтар мен мерекелік іс-шаралар жүргізілді, азық-түлік жиыны мен киімдермен, медициналық мекемелерге тіркелумен көмек көрсетілді) көрсетті.
2026 жылғы 1 қаңтарда 30 отбасы (кәмелетке толмаған 96 бала) кешенді көмек пен қолдау көрсетілген Орталықтың сүйемелдеуінде.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдары (отбасыларды) ерте анықиау және қолдау шараларын ұйымдастыру жөніндегі мобильді топ қалыптастырылды және бекітілді. Барлығы 815 отбасы, оның ішінде 212 көпбалалы отбасы зерттелді.
Мерекелік күндерде қайырымдылық акциялары өтеді. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерде, пробация қызметінде және басқа да мекемелерде семинарлар, лекциялар жүргізіледі.
3) Ұзақ өмір сүру орталығы 2025 жылы егде жастағы 589 адамға спорттық, мәдени және танымдық 5 000 іс-шара ұйымдастырды.
2025 жылға қаржыландыну 5 746,0 мың теңгені құрады.
4) Мүгедектігі бар адамдарға арналған «TEN QOGAM» орталығы әлеуметтік жобасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Орталықтың қызметі ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуді қамтиды. Есептік кезеңде орталық мамандары 808 қызмет көрсетті.
2025 жылы қаржыландыру 8 742,0 мың теңгені құрады.
Жалпы, Бөлім бойынша 2025 жылға 1 109 409,0 мың теңге сомада қаржыландыру бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 1 109 267,9 мың теңге игерілді, бұл 100% құрайды.
«Саран қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы М. Шегай
(қолы бар)