Аумақтық салық органдарының мамандарының барып қызмет көрсетуі

01.01.2026 жылы қолданысқа енетін «Мемлекеттік кірістер органдарының сервистік тобы туралы үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 қазандағы № 645 бұйрығымен аумақтық салық органдарының мамандарының келесі тұлғаларға барып қызмет көрсетуі қарастырылған:

1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

2) 2 (екі) айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдар;

3) сыртқы күтім мен көмекті қажет ететін секесен жастан асқан қарт адамдар;

4) жалпыға ортақ телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді-мекендерде тұратын жеке тұлғалар.

Сервистік топтың келуіне өтінім беру Байланыс-орталығы арқылы +7 (7172) 73-55-15, +7 (705) 956-53-88 телефон нөмірі бойынша жүзеге асырылады.

 

Сервистік топ мамандарының шығу кестесі:

 

МКӨБ атауы

Сервистік топтың құрамы – ТАӘ, лауазымы

Шығу күндері

Саран қаласы бойынша

МКБ

Сивкова Елизавета Эдуардовна – салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы

 

Молдабаева Айжан Амангельдыевна – бас маман

сейсенбі,

бейсенбі

 

Дата публикации
14 января 2026