Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету аясында 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

«Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

«Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;

«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;

«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;

«Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу».

Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамнан құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат алған адамдар тұрғылықты жері бойынша келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті береді:

1) өтініш;

2) оның жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамнан:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

2) «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

3) «электрондық үкімет» веб-порталы

4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған сенімхат

Мамандар өтінішті қабылдау кезінде мынадай мәліметтерді алу үшін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы.

Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда, өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз тасығыштағы тиісті құжаттардың көшірмелері қоса беріледі

Мүгедектігі бар адамдар еңбекте мертігуден немесе кәсіптік аурудан техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдарды және санаторий-курорттық емдеуді алуға өтініш берген жағдайда:

1) өндірістегі мүгедектікке алып келген жазатайым оқиға туралы;

2) кінәсінан жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің – жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер беру қажет

Құжаттарды тапсырған кезде өтініш берушіге:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде-тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

жұмыспен қамту бөлімдерінде-тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;

Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы болу үшін «Саран қаласының жұмыспен« қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, «Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ Саран қаласының мансап орталығында өзіне-өзі қызмет ету бұрышы жабдыталған.

Жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе жұмыспен қамту бөлімдері басшысының атына жұмыспен қамту бөлімдерінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны Жұмыспен қамту бөлімдерінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшелері қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің кеңсесіне қолма-қол және почта арқылы жіберіледі. Растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмыспен қамту бөлімдерінің немесе бөлімшелерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Дата публикации
05 декабря 2025