«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі

«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі

 

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де еңбекші көшіп келушіге «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі -қызмет) ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету және нәтижесін ұсыну нысаны электрондық болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші жеке тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ХҚКО) өзі жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын береді.

Мемлекеттік қызмет еңбекші көшіп келуші жеке тұлғаға тегін көрсетіледі.

Бастапқы өтініш беруі кезінде, еңбекші көшіп келуші рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Рұқсат алу кезінде:

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) шетелдік пен жұмыс беруші қол қойған еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш (өтініштің көшірмесі беріледі);

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (сканерленгеннен кейін қабылдау күні мен Мемлекеттік корпорацияның мекенжайы көрсетілген түбіртектің қабылданғаны туралы белгілеп, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама) (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

6) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:

1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;

3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың электрондық көшірмесі;

4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші-көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама);

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "бірыңғай сақтандыру деректер базасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;

6) жұмыс беруші – жеке тұлға мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімнің электрондық көшірмесі;

  1. Рұқсатты ұзарту үшін:

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) жұмыс беруші мен шетелдік қол қойған еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (сканерленгеннен кейін қызметті алушыға қайтарылады);

3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

5) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шарты (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

Рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:

1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат ұзарту туралы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;

3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартының электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде электрондық өтінімді ресімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жолдайды.

Жұмыспен қамту бөлімі еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кезде Саран қаласының көші-қон полициясымен мақұлдауды келіседі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қажетті құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап - өтініш келіп түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсыну нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Жұмыспен қамту бөлімдері немесе ХҚКО мамандарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе басшының атына тиісті ұйымның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

Шағымды қарау мерзімі - тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

Сұрақтар туындаған жағдайда өтініш беруші  «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не Жеңіс көшесі, 45 мекенжайы бойынша немесе 8(72137)7-67-70 телефоны бойынша жүгіне алады.

Дата публикации
06 февраля 2024