Саран қаласында 2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру

    1. Саран қаласында 2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру.

    2023 жылдың 12 айында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 2155 адам өтініш білдіріп, 2091 адам жұмысқа орналастырылды.

    Халықты жұмыспен қамту мақсатында жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға - 271 адам жіберілді.

    Жастар тәжірибесіне - 38 түлек жіберілді.

    Мына жобалар бойынша жұмысқа орналастырылды:

    - «Күміс жас» - 61 адам;

    - «Бірінші жұмыс орны» - 35 адам;

    - «Ұрпақтар келісімшарты» - 2 адам.

    Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқыту курстарынан өтті (шәкіртақы төлей отырып) және жұмысқа орналастырылды - 35 адам.

    «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін - 66 адам оқыды.

    Әлеуметтік жұмыс орындарына - 21 адам жіберілді.

    Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында қалада 2023 жылға арналған «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Саран қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 78/02 қаулысы қабылданды. Осылайша, 2023 жылы квота бойынша: 3 мүгедектігі бар адам және оларға қатысты пробация қолданылатын және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған  4 адам жұмысқа орналастырылды.

    Азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында             2023 жылы 14 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Саран қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,1%, облыстық 4,1%, республикалық 4,7%.

    ХӘОТ-қа жататын азаматтарға өз ісін ашуға және кеңейтуге 10 грант берілді. Грант сомасы 400 АЕК-ке дейін немесе 1 380 000 теңгеге дейін.

    Кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын жастар үшін (5 жылдан аспайтын) конкурстық негізде 7 шағын несие берілді. Шағын несиелер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілді. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы - 5 млн теңгеге дейін.

     

    1. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі.

    2023 жылы жұмыспен қамту секторына еңбекші көшіп келушілерден 202 өтініш, оның ішінде еңбек рұқсатын беруге 152, ұзартуға 50 өтініш келіп түсті. Келіп түскен 202 өтініштің 140-ы мақұлданды, 62-сі бас тартылды.

    2023 жылы жұмыспен қамту секторында «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі өткен өтінімдер болған жоқ.

     

    1. Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру.

    Саран қаласында 2023 жылы Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру жоспары 847 орынды құрады, іс жүзінде 864 жұмыс орны құрылды, жоспардың орындалуы 102%.

     

     

    1. «Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі» жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы.

    Саран қаласында жалдамалы қызметкерлер саны - 7 240 адам, оның ішінде еңбек шарттары жасалғаны 6988 адам, 97%. Бірегей кәсіпорындар саны - 403, оның ішінде ЕСУТД -ға қосылған - 380, 94%.

     

    1. «Еңбек жолы» республикалық байқауы.

    2023 жылы Саран қаласының жұмыспен қамту секторына «Еңбек жолы» республикалық байқауына қатысу үшін 3 өтінім келіп түсті. Қалалық комиссияның шешімі бойынша:

    - «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша өтінімге ұсынылған материалдар талаптарды сақтамағаны үшін қайтарылды, жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан асады;

    - «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациялары бойынша 2 өтінім конкурсқа қатысу үшін облыстық кезеңге жолданды.

    Байқаудың облыстық деңгейінде Саран қаласының қатысушысы «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 2 орын алды.

     

    1. Әлеуметтік серіктестік

    Қала кәсіпорындарында еңбек жанжалдарының туындауының алдын алу және болдырмау мәселесі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның бақылауында. 2023 жылы комиссияның 4 отырысы өткізілді (жоспар бойынша 3), отырыста 11 мәселе қаралды, оның ішінде 8 сұрақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша. Комиссия қараған барлық мәселелер бойынша қаладағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын тұрақтандыруға оң әсер еткен тиісті шешімдер қабылданды.

    Қызметкерлерді босатуды жоспарлап отырған кәсіпорындар бойынша штат бірліктерін қысқарту, сондай-ақ жалақы, міндетті медициналық сақтандыру, әлеуметтік аударымдар және қызметкерлер алдындағы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектің болуы бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

     

    1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсы.

    Ағымдағы жылы жұмыспен қамту секторына республикалық конкурсқа қатысу үшін кәсіпорындардан үш өтінім келіп түсті: «A.V. Group» ЖШС, «СКЭП» ЖШС, «Logistics logger» ЖШС. Барлық үш кәсіпорын конкурстың өңірлік кезеңінен өтті және Қарағанды облыстық сараптамалық жұмыс тобының шешімі бойынша Қарағанды облысынан республикалық кезеңге жіберілді. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Астана қаласында Республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды. «A.V. Group» ЖШС, «СКЭП» ЖШС, «Logistics logger» ЖШС ұжымдары «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Парыз-2023» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсқа белсенді қатысқаны үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпованың алғыс хатымен марапатталды.

Дата публикации
12 января 2024