Положение о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ города Сарани»

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 және

2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324

қаулыларын іске асыру туралы»

Саран қаласы әкімдігінің 2005 жылғы

12 қаңтардағы № 22 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы» Саран қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «14 »қараша  № 73/02

қаулысымен бекітілді

 

 

 

 

 

 

 

 

«Саран қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саран қаласы 2023 жыл

«Саран қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мекеменің секторлары мен бөлімшелері бар:

1) жұмыспен қамту секторы;

2) әлеуметтік бағдарламалар секторы;

3) 3 мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлік жастағы қарт адамдарға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері.

  1. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Мекеме заңды тұлға болып табылады және жедел басқару құқығында мүлкі бар, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  5. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Саран қаласының әкімдігі бекітеді.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  9. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Мекеменің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мекеменің миссиясы:

азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі.

  1. Міндеттері:

1) қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жасау және бағалау;

4) мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;

5) қала халқының түрлі әлеуметтік топтарымен жұмыс.

  1. Функциялар:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

2) мекеменің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;

3) халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;

5) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

6) ұлттық жобалар, қаланы дамыту жоспарлары шеңберінде жұмыс орындарын құруға мониторинг жасау;

7) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдарға мониторинг жасау;

8) әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмысы;

9) «Еңбек нарығы» әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің, «Е–Собес», «Е–Әкімдік», «Шетелдік жұмыс күші», «LogBook» электрондық құжат айналымы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің, «Е–Қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің, Enbek.kz электрондық еңбек биржасының, Әлеуметтік қызметтер порталының деректер базасын қалыптастыру;

10) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру;

11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген азаматтардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссияның жұмысы;

12) халықты әлеуметтік қорғау шаралары туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

14) Саран қаласы әкімдігінің жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру;

15) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

16) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;

2) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды, лауазымды адамдардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;

3) ақпараттық деректердің барлық түрлерін, оның ішінде құпия деректерді пайдалану;

4) қала әкіміне Мекеменің құрылымы мен қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қаланы дамыту мүдделері мен қажеттіліктерімен ұштастыра отырып, іске асыру;

6) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс, қала әкімінің шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдігі қаулыларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, анықталған бұзушылықтарды, оларды орындамау себептері мен шарттарын жою жөнінде шаралар қабылдау;

7) қала әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу;

9) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Мекеменің негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Мекеменің бірінші басшысын Саран қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңнамаға сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілерге қол қояды;

5) мекеменің мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда атынан өкілдік етеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермегені үшін жеке жауапты болады.

Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Мекеме жедел басқару құқығында мүлікке ие. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  2. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
  4. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
28 декабря 2023