
«Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы
Қазіргі уақытта қазақстандықтардың пәтер иесі болуға көбірек мүмкіндіктері бар.
Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметі ұсынылады.
Тұрғын үй сертификаты дегеніміз не?
Бұл азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілетін ақшалай төлем түрі.
Сертификат Ұлттық банк немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекіткен ипотекалық бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі.
Көмектің осы түрін алуға құқығы бар азаматтардың санаттары әлеуметтік жағынан осал топтарға жатады:
Тұрғын үй сертификатының сомасы қарыз сомасының 10% мөлшерінде айқындалады, бірақ бір млн. теңгеден аспайды.
Тұрғын үй сертификаты өтініш берушіге және онымен тұрақты бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне ағымдағы қаржы жылына арналған заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген орташа табысы болған жағдайда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады.
Орташа табыс бойынша белгіленген шектен асқан жағдайда тұрғын үй сертификаты бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ретінде ұсынылады.
Тұрғын үй сертификаты жергілікті атқарушы органның тиісті аумақтық бірлігі шегінде қолданылады.
Тұрғын үй сертификатын алуды күткен азаматтар төлем қабілеттілігін растауы керек.
Сертификат алу үшін «Отбасы банкінде» төлем қабілеттілігін алдын ала бағалаудан өтіп, тұрғын үй қарызын беруге мақұлдау алу қажет.
«Отбасы банкі» тексерісінен және тұрғын үй несиесін беруді мақұлдағаннан кейін тұрғын үй сертификатын алу үшін бөлімге келесі құжаттар тізбесін ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалардың) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызмет бойынша соңғы 6 (алты) айдағы табысы туралы анықтама (отбасының (жұбайының), кәмелетке толмаған балалардың барлық мүшелеріне);
4) жұмыс орнынан анықтама;
5) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банктің хаты.
Тұрғын үй сертификаттарын беру мәселелері бойынша консультацияны «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мына мекенжай бойынша алуға болады: Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 үй, № 4 кабинет, байланыс телефоны – 79077.