
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариуспен немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адаммен нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) немесе электрондық үкімет порталына «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру жолымен жүгінеді.
Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және өтініш нысандарында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
Тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға: көрсетілетін қызметті берушіде - мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон; мемлекеттік корпорацияда - тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат; портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) 1949-1965 жылдар, 1966-1990 жылдар кезеңінде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру айғағы мен кезеңін растайтын құжаттар (мұрағаттық анықтамалар, халық депутаттары ауылдық, кенттік (ауылдық) кеңесінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, өзін-өзі басқарудың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары); еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), негізгі орта білім туралы немесе жалпы орта білім туралы аттестат, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) не некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік (бар болса) немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актілік жазбадан үзінді (тегі өзгерген жағдайда), бар болған жағдайда - «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда, портал арқылы құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады.
Егер Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру айғағы мен кезеңін растайтын құжаттар сақталмаса, ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұрудың заңды фактісін және кезеңін белгілеу туралы сот шешімі ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінген жағдайда - көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу (тіркеуден бас тарту) туралы шешім қабылдау - өтініш тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні; алғаш рет жүгінген көрсетілетін қызметті алушыларға куәлік беру - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні; куәліктің телнұсқасын беру - көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, Мемлекеттік корпорацияда немесе портал арқылы:
1) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын зардап шеккен деп тану туралы шешім;
2) куәлік немесе оның телнұсқасын беру.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.