«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын ақпарат беру»

                   

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету

Атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын адамға, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын ақпарат ұсынылады.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» және «электрондық үкімет» порталының мобильді қосымшасында қолжетімді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын ақпарат «портал» арқылы жеке тұлғалардың сұрау салуы бойынша, мәлімет сұратылатын адамның келісімі болған жағдайда ұсынылады.

Мәлімет сұратылып отырған адам осы сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға оның (отбасының) тиесілігін растайтын ақпаратты «порталдағы» «жеке кабинет» арқылы жеке тұлғаларға сұрау салуды алу туралы өзінің келісімін не ұсынуға келіспейтінін білдіреді,

немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, ұялы байланыстың

абоненттік нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы,

бір реттік парольді қолдана отырып хабарламаға жауап береді,

«порталда» жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

Келісімді алғаннан кейін атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш

берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын ақпарат сұрау салуды жүзеге

асырған жеке тұлғаның «жеке кабинетіне» жолданады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: порталға тапсырылған күннен бастап -               15 минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің тиесілігін (не тиесілі емес екендігін) растайтын ақпарат.

Мемлекеттік қызметтен бас тартуға негіз жоқ.

Консультацияны Саран қаласының Карьер орталығынан "Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ Ленин даңғылы, 11-үй, (872137)74807 телефоны бойынша алуға болады және сол жерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалануға болады.

Дата публикации
15 февраля 2023