«Ақталған адамға куәлік беру»

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Қызмет саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ақталған адамдарға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.  

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру жолымен мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар:

1)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) оңалту туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі.

Құжаттар түпнұсқада салыстыру үшін ұсынылады, содан кейін құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.

Құжаттардың толық топтамасын берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон беріледі.

Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің                  1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы. 

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) барып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде үзбелі өтініш талоны негізінде беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызметті берушінің, әкімдіктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Барлық сұрақтар бойынша «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не (872137) 76804 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады

Дата публикации
14 февраля 2023