
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін ұсынады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
электрондық үкіметтің веб-порталына www.egov.kz:
Көрсетілетін қызметті беруші келесі негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болғанда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар болғанда, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.
Шағымдар көрсетілетін қызметті ұсынған басшысының немесе тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) атына не уәкілетті орган басшысының блогына («Уәкілетті орган басшысының блогы» парақшасы) беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон нөмірі арқылы алуға болады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ден консультация алуға болады, мекенжайы: Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 үй, байланыс телефоны - 79077