Жұмыспен қамту секторының 2022 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі

Жұмыспен қамту секторының 2022 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі

2022 жылы Саран қаласында 2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға ұлттық қордың, қалалық және республикалық бюджеттердің қаражатынан 199,027 млн.теңге бөлінді.

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша «Galex Plus» Саран тігін-трикотаж фабрикасы» ЖШС, «A.V. Group» ЖШС, «Альтаир» ЖМ оқу орталығы, «QazTehna» ЖШС оқу орталығы базасында тігінші, тоқушы, пішуші, аспаз, шаштараз, түптеуші, баспашы, ОТК бақылаушысы, автомаляр мамандықтары бойынша 34 адам (жоспар бойынша 28) оқуға жіберілді. Қаржыландыру 199,027 млн. теңге игерілді.           (игеру 100%).  

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру және бизнесті кеңейту мақсатында              2022 жылы 11 мемлекеттік грант, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастарға 5 грант және халықтың әлеуметтік осал топтарына 6 грант берілді. 12,252 млн.теңге сомада қаражат бөлінді және игерілді (игеру 100%).

2022 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан 40 адам өтті.

2022 жылға 15 әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 5,150 млн. теңге бөлінді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам жіберілді, игеру 100% орындалды.

Жастар практикасын ұйымдастыруға 40 түлек үшін 13,987 млн. теңге сомада қаражат бөлу қарастырылды, игеру 100% орындалды. Жастар практикасына 40 адам жіберілді, жоспар 100% орындалды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 138,408 млн.теңге сомада қаражат бөлінді, игеру 100%. Қоғамдық жұмыстарға 511 адам, бір жылға жоспар бойынша 106 адам жіберілді.

«Алғашқы жұмыс орнына» «NEET» санатындағы жастар арасынан 28 адам жіберілді. Бюджеттен 14,871 млн.теңге бөлінді және игерілді.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2 адам жіберілді. 317 мың теңге көлемінде қаржыландыру бөлінді және 100% игерілді.

«Күміс жас» жобасына 19 адам жіберілді. 2,634 млн. теңге көлемінде қаржыландыру бөлінді және 100% игерілді.

Басым міндеттердің бірі - өскелең ұрпаққа кәсіби бағдар беру жұмысы болып табылады. Жазда «Жазғы драйв» жобасы іске қосылды. 16 және одан жоғары жастағы жоғары сынып оқушылары, ЖОО және колледж студенттері үшін қоғамдық жұмыстар аясында қаланың мемлекеттік мекемелерінің базасында жұмыс орындары ұйымдастырылды. Жобаға барлығы 72 адам қатысты.

2022 жылы барлығы 6 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, 89 жұмыс беруші қатысты, барлығы 2770 бос жұмыс орны жариялнды, жәрмеңкеге                    1915 азамат қатысты, тұрақты жұмыс орнына 163 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жастардан 82 адам, 127 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді,оның ішінде жастардан 63 адам, кәсіптік оқытуға 12 адам, оның ішінде жастардан 8 адам жіберілді, 5 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды, 9 адам жастар практикасына жіберілді, 1915 адам кеңес алды, оның ішінде жастардан 1009 адам.

Саран қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы бойынша 2022 жылы 7 адам жұмысқа орналастырылды: оның ішінде  мүгедектігі бар 4 адам және оларға қатысты пробация қолданылатын және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған  3 адам.  

Жұмыспен қамту секторының 2023 жылға арналған жоспары туралы

 2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға бюджеттен жалпы сомасы 371,373 млн.теңге қаражат бөлінді.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2023 жылы - 1488 адамды қамту жоспарлануда, оның ішінде:

- тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру - 1066 адам, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар - 320 азамат;

- қоғамдық жұмыстар - 222 адам, оның ішінде жастар - 39 адам;

- жастар практикасы - 38 түлек;

- әлеуметтік жұмыс орындары - 22 адам, оның ішінде 1 мүгедектігі бар адам;

- қысқа мерзімді оқыту курстары - 28 адам;

- біліктілікті арттыру - 4 адам;

- есту кемістігі бар 1 адамның жаңа арнайы жұмыс орнын құру;

- «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - 35 адам;

- «Күміс жас» жобасы - 60 адам;

- «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы - 2 адам;

- халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 10 грант (400 АЕК дейін) беру.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында         2023 жылы 4 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін (тоқсан сайын) өткізу жоспарлануда.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында қалада Саран қаласы әкімдігінің 2023 жылға арналған «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 78/02 қаулысы қабылданды. Осылайша 2023 жылы квота бойынша: 3 мүгедектігі бар адамды және оларға қатысты пробация қолданылатын және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 3 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Дата публикации
08 февраля 2023