2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ халыққа мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген                    21 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Оның ішінде, 2 - толық автоматтандырылған және «электрондық үкімет» порталы арқылы ұсынылады.

Жалпы, ағымдағы жылы 4200 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 245;

көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде) баламасымен тікелей жүгіну арқылы - 1703;

«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 1493;

проактивті форматта - 62;

«enbek.kz» порталында - 697.

Қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы болған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер стандарттары бөлімнің сайтында және стендтерде орналастырылды.

Ақпараттық-түсіндіру саласы аясында келесі жұмыстар жүргізілді:

Қаңтар айында:

26 қаңтарда «Саран газеті» газетінде «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жанындағы азаматтық қоғаммен кездесу» атты мақала жарияланды, 12 адам қамтылды;

19 қаңтарда Instagram желісінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2022 жылға арналған негізгі жоспарлар туралы» тікелей эфир өткізілді, 545 адам қамтылды;

Ақпан айында:

24 адамды қамтитын 1 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Наурыз айында:

7 наурызда «Саран газеті» газетінде «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы жұмысы туралы есебі» атты мақала жарияланды;

2 наурызда Instagram желісінде 746 адамды қамти отырып, «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету туралы» тікелей эфир өткізілді;

2022 жылдың 1 тоқсанында барлығы 1327 адамды қамтитын 5 іс-шара өткізілді.

Сәуір айында:

13 сәуірде Instagram желісінде «Мемлекеттік қызметтер көрсету, әлеуметтік жәрдемақылар беру» тақырыбында тікелей эфир өтті, 440 адам қамтылды;

15 сәуірде 1030 адамды қамти отырып, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Сәуір айында барлығы 1470 адам қамтылған 2 іс-шара өткізілді.

Мамыр айында:

13 мамырда Instagram желісінде «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша ақпарат берілді.

Мамыр айында барлығы 18 адам қамтылған 1 іс-шара өткізілді.

Маусым айында:

23 маусымда Instagram желісінде «Отбасының цифрлық картасы» - АӘК әлеуетті алушылары мақаласы жарияланды, 13 адам қамтылды.

29 маусымда Instagram желісінде «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу ережелері туралы» тікелей эфир өткізілді, 670 адам қамтылды.

30 маусымда 311 адамды қамтитын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Маусым айында барлығы 994 адам қамтылған 3 іс-шара өткізілді.

Шілде айында:

Бөлімнің сайтында 2 мақала жарияланды.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету», «Халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қамтамасыз ету».

Тамыз айында:

23 тамызда - Instagram желісінде 23 адамды қамтитын «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы» тікелей эфир өткізілді;

5 тамызда - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында 9 адамды қамти отырып, «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша тренинг-семинар-кеңес өткізілді;

8 тамызда Instagram желісінде өткізілген семинар туралы мақала жарияланды, 37 адам қамтылды. 

Қыркүйек айында:

9 қыркүйекте - 300 адамды қамтитын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді;

12 қыркүйекте - Instagram желісінде 796 адамды қамти отырып, «Балалар мен мүгедектерге арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің жұмысы туралы» тікелей эфир өткізілді;

14 қыркүйекте - Instagram желісінде 709 адамды қамтитын мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. 

Қазан айында:

19 қазанда - Instagram желісінде 1052 адамды қамтитын мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Қараша айында:

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін тағайындауға құжаттарды ресімдеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 14 адам қамтылды.

Желтоқсан айында:

8 желтоқсанда - Instagram желісінде 24 адамды қамти отырып, «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметін тағайындауға құжаттарды ресімдеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

12 желтоқсанда - «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің ресми сайтында 3 адамды қамти отырып, «Мүгедектер мен мүгедек балаларды шипажй-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін тағайындауға құжаттарды ресімдеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

13 желтоқсанда - Instagram желісінде  20 адамды қамти отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша және «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін тағайындауға құжаттарды ресімдеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

20 желтоқсанда - «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, әлеуметтік көмек бөлімшесінде 8 адамды қамти отырып, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін тағайындауға құжаттарды ресімдеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, бөлімде және Жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік қызмет көрсету және тұрмыстық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәртібі бойынша роликтер тұрақты түрде көрсетілуде.

Компьютері жоқ және интернетке қосылмаған азаматтарға көмек көрсету мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталды.

 

 

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Дата публикации
13 января 2023