2022 жылға арналған мемлекеттік рәміздерді насихаттауды және қолдануды ұйымдастыру жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де ҚР мемлекеттік рәміздері (Туы, Елтаңбасы, Әнұраны) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қолданылады.

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де жарамсыз болып қалған мемлекеттік рәміздерді сатып алу, пайдалану және жою бойынша тұрақты комиссия жұмыс істейді.

Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 мекен-жайында орналасқан, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында ҚР Мемлекеттік Туы орналасқан, ол тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылады.

Бірінші басшының кабинетінде ҚР мемлекеттік рәміздері (Ту, Елтаңба) орнатылды.

Ұйымның мөрі және «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ фирмалық бланкілері, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері бар, лицензияланған ұйымдардан сатып алынды.

Жарамсыз болып қалған ҚР рәміздерін ауыстыру және жою «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Сондай-ақ бөлімде жыл сайын мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Ағымдағы жылы 2022 жылға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес мынадай іс шаралар өткізілді:

– үйде қызмет алатын балалар тәрбиеленетін отбасы мүшелерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран туралы әңгіме өткізілді;

– жалпыға бірдей құқықтық оқыту аясында 29 мамырда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы  2 қазандағы № 873 қаулысын зерделеу жүргізілді.

 

 

2022 жылға арналған мемлекеттік рәміздерді насихаттауды және қолдануды ұйымдастыру жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Дата публикации
14 октября 2022