Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж адамдарға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚО) (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), бөлім немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш бере алады. www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

Жүгінген кезде келесі құжаттарды ұсыну қажет:

нысан бойынша өтініш, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат не электрондық құжат, амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзінді көшірмесі бар медициналық карта.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы, сот шешімі бойынша психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамды (бар болса), зейнетақы жасы әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оған теңестірілген адам мәртебесінің болуы туралы мәліметтер оларға (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мамандар алады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) он сегіз жастан асқан адамдар үшін- адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап-17 жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде:

Мемлекеттік корпорация - тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

Бөлімде-тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

порталда-көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым бөлім , Мемлекеттік корпорация басшысының атына пошта арқылы немесе кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.

Шағым тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Дата публикации
29 марта 2022