
Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедек адамдарға «Мүгедектерді техникалық –көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» (бұдан әрі - қызмет) мемлекеттік қызметі ұсынылады.
Техникалық-қосалқы құралдарға: есту қабілеті бойынша мүгедек адамдарға арналған сурдотехникалық құралдар, көру қабілеті бойынша мүгедек адамдарға тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар жатады.
Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не олардан құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚО) бөлімшелеріне немесе «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш
2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектен сенімхат.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді мамандар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Қызмет алуға өтініш берген жағдайда еңбекте мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдар мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні және жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе кінәсінен еңбекте мертігу немесе кәсіптік ауру алынған заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
Құжаттарды тапсырған кезде өтініш берушіге:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде-қолхат;
Жұмыспен қамту бөлімінде-тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Жұмыспен қамту бөлімдері мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым немесе баға жазбаша нысанда почта арқылы немесе тиісті ұйымның кеңсесі арқылы қолма-қол басшының атына беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды қарау мерзімі-ол тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Қазіргі уақытта пилоттық жоба шеңберінде электрондық-цифрлық қолтаңбасы бар мүгедек адамдар өтінішті ресімдемей және қосымша құжаттарды ұсынбаяқ Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы «egov.kz» мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беру мүмкіндігі бар.
Мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы болу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, «Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де және Халыққа қызмет көрсету орталығының Саран филиалында, «Ақтас кенті әкімінің аппараты»ММ-де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталған.
Әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) іске қосылды, ол мүгедек адамдарға оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді тікелей жеткізушілерден мемлекет кепілдік берген бағалар бойынша өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады. Сонымен қатар, порталда азамат таңдаған кезде қосымша ақы төлеген жағдайда қымбат тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. Порталда қызметтерді алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.
Мүгедектігі бар адамдар берген өтініштер ағымдағы жылға бөлінген қаржыландыруды ескере отырып орындау үшін порталға жіберіледі, содан кейін қызмет алушыларға тапсырысты ресімдеу мүмкіндігін ұсыну туралы телефонға СМС келеді.
Сұрақтар туындаған жағдайда қала тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында порталды пайдалана алады. Анықтама үшін байланыс телефондары: 8(72137)76805, 8(778)9796632.