«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және құндылықтар мен моральдық бағдарлар жүйесін құру жолымен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалына қол жеткізуге бағытталған.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  2. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыс істейтін адамдардың тәртіп (іс-әрекет) қағидалары, сондай-ақ Саран қаласы аумағында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

3.1. Құқықтар мен заңды мүдделерді іске асыру кезінде:

- сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға не әрекеттерге жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының кез келген фактілерінің жолын кесу;

- сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде заңда көзделген барлық шараларды қабылдау;

- өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде заңдылықты, адалдықты, сатылмаушылықты және ашықтықты сақтау қағидаттарына негізделген құқықтық мәдениетті қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы сенімді ақпарат бойынша осындай құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау;

- мемлекеттік техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және жеке кәсіпкерлікті дамытуды қолдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын сақтау.

3.2. Басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде өз құзыреті шеңберінде: 

- өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеу. Мұндай фактілер анықталған жағдайда оларды жою бойынша заңда көзделген барлық шараларды қабылдау;

- жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбау;

- мүдделер қақтығысын болдырмауға шаралар қабылдау.

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

- алғышарттар жасайтын сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін қабылданатын ішкі құжаттарға талдау және сараптама жүргізу;

- бұрын қабылданған ішкі құжаттар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу. Оларда сыбайлас жемқорлық факторларының болуы анықталған жағдайда оларды жою шараларын қабылдау.

3.4. Өмір сүру саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қатынастар кезінде:

Бағынышты қызметкерлерімен қарым-қатынаста басшыларға:

- өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, адалдықтың және сатылмаушылықтың үлгісі болу;

- кадр мәселелерін шешу кезінде меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету, туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;

- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту;

- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

- құқыққа қарсы әрекеттерді, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сыйыспайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлемеу ұсынылады.

Басшыларымен қарым-қатынаста бағыныштыларға:

- тапсырмаларды орындау кезінде тек объективті және дәйекті мәліметтерді ұсыну, басқа да қызметкерлер, контрагенттер немесе өзге де тұлғалар әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық туралы өздеріне мәлім болған жағдайда басшылықты дереу хабардар ету;

- басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың лауазымдық мүмкіндіктері есебінен пайда мен артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеу ұсынылады.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген қызметті жүзеге асыру;

- жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау.

Документ
Дата публикации
07 июня 2021