«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі» ММ 2020 жылғы жұмысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі» ММ 2020 жылғы жұмысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі

 

«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ-де Саран қаласының 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді.  

Жыл ішінде Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарына 17 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді (2019 жылы – 18 мемлекетік қызмет түрі), барлығы 2000 мемлекеттік қызмет көрсетілді (2019 жылы - 5834 мемлекеттік қызмет), оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 573 мемлекеттік қызмет (2019 жылы – 51 мемлекеттік қызмет), «электрондық үкімет» порталы арқылы - 557 мемлекеттік қызмет (2019 жылы – 51 мемлекеттік қызмет).

2020 жылы «Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсететін мемлекеттік қызметтерді «Жұмыс іздеуші тұлғаларға, жұмыссыздарға көмек көрсету» бір мемлекеттік қызметіне біріктірілді, ол баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту орталығы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін болады. Мемлекеттік қызмет ретінде есептеу «Жұмыс іздеуші тұлғаларға, жұмыссыздарға көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты шыққаннан соң 2020 жылғы шілдеден бастап саналды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының төмендеуі тұрғын үй көмегін алушылар санының азаюына байланысты, өйткені коммуналдық тарифтер айтарлықтай өскен жоқ, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінің артуына байланысты кіріс тұрақты түрде ұлғаюда, тұрғын үй көмегін алушылардың 86% - зейнеткерлер.

Осы уақытқа дейін «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша «электрондық үкімет» веб-порталында өзгерістер енгізілген жоқ.

Қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Келушілер үшін жағдай жасалды: үстелдер, орындықтар, ақпараттық стендтер. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бөлімнің ақпараттық стендтерінде, сайтында орналастырылды.

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де келушілерге ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жаңа техникамен, әдістемелік әдебиеттермен жабдықталды.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының                    2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңын басшылыққа ала отырып,  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын,  жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын іске асыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік және экономикалық аспектілерін ескере отырып, қаланың еңбек нарығының жан-жақты талдауын жүргізеді.

2020 жылы жұмыспен қамту мәселелері бойынша 1497 адам жүгінді (2019 жылы 1251 адам жүгінді), бұл 19,7% жоғары. Жүгінген азаматтар санының артуы қалада Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асырумен байланысты.

 

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

 

2020

жыл

Өтініш білдірген адамдардың саны, оның ішінде

1419

1285

1251

1497

 

Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген жұмыссыздар «Халықты жұмыспен қамту туралы»» ҚР Заңында көрсетілген әлеуметтік көмектің кепілді көлемін алады.

2020 жылы 1848 адам жұмысқа орланастырылды (2019 жылы 1569 адам), бұл 117,8% құрайды.

 

2017 жыл

2018

жыл

2019

жыл

 

2020

жыл

Жұмысқа орналастырылған адамдар саны, оның ішінде

1630

1658

1569

1848

 

Өтініш берген жұмыссыздар санынан жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар үлесі 123,4% құрады.

 

 

2017 жыл

2018

жыл

2019

жыл

 

2020 жыл

Өтініш білдірген жұмыссыздар санынан жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар үлесі

114,9

129

125,4

123,4

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы Саран қаласында Бағдарламаның үш бағыты бойынша жүргізіледі.

2020 жылы Бағдарламаны іске асыруға қалалық және республикалық бюджеттен 133,1 млн.теңге бөлінді, 2020 жылғы 31 желтоқсанда                     133,1 млн.теңге игерілді.

«Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау» бірінші бағыт.

2020 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 95 адамды жіберу жоспарланды, 2020 жылға қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен – 47157 мың теңге. Карантиндік шараларға байланысты қаржыландыру 19140 мың теңгеге азайды және 28017 мың теңгені құрады. Қарашада 20677 мың теңге сомада қаржыландыру алынды. Қысқар мерзімді оқытуды ұйымдастыруға қаржыландыру – 7340 мың теңге. Жіберу жоспары 28 адамға дейін қысқарды. 1 қаңтарда оқытуға жұмыс берушілердің өтінімі бойынша 33 адам жіберілді, қаржыландыру 7328,5 мың теңгені құрайды, бұл 99,8% құрайды.

Оқу кезінбе бағдарлама қатысушыларына (3 айдан 6 айға дейін) стипендия төленеді. Медициналық қаралымды Жұмыспен қамту орталығы төлейді.

Оқыту Саран қаласында кәсіпорындардың оқу орталықтары базасында ұйымдастырылған:

««Galex Plus» Саран тігін-тоқыма фабрикасы» ЖШС – 6 адам – тігінші;

«A.V.Group»  ЖШС – 25 адам: тігінші – 7 адам, пішуші – 1, тоқымашы – 3, кестелеуші – 3, құрастырушы – 4, ағаш өңдеу станоктарының станокшысы – 1, станокшы - 1, желімдейтін және ағаш өңдеу станоктарының баптаушысы - 2, электронды теру операторы-1, түптеуші-2 .

Екі адам «Альтаир» оқу орталығында жеке мекемеде аспазшы және шаштаразшы мамандығы бойынша оқып жатыр. Бұл жұмыссыз адамдарға жол жүру құны қосымша өтелетін болады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша шағын несиелер мен гранттар беру жұмысы ұйымдастырылған. Гранттарды беруге 7,3 млн.теңге бөлінді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқуға 74 әлеуетті шағын несие және грант алушылар жіберілді, 34 адам сертификат алды.

Саран қаласы мен Ақтас поселкесі Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несиелеу тізіміне енгізілген.

2020 жылға республикалық бюджеттің қаражатынан («Қарағанды облысының ауыл шаруашылығының басқармасы» ММ арқылы) Ақтас поселкесі бойынша 5 жобасын шағын несиелеуге 19,7 млн.теңге бөлінді.             9,2 млн.теңгеге 3 шағын несие бөлінді.

Бағдарлама қатысушыларына гранттар беруге 2020 жылға Бағдарламаның 8 қатысушысы үшін 4 млн.теңге сомада қаржыландыру қарасырылған болатын. Қыркүйекте 6 грантқа қосымша 3,3 млн.теңге қаржы бөлінді. Гранттарды беруге қаржыландырудың жалпы сомасы 7,3 млн.теңге.

Шілдеде гранттар Бағдарламаның 8 қатысушысына 3977,0 мың теңге сомада, қыркүйекте – 6 қатысушыға 3334 мың теңге сомада берілді, барлығы 7311 мың теңге сомада 14 грант. Қаржыландыру 100% орындалды.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 118,5 мың теңге қаражат бөлінді, 118,5 мың теңге сомада қаражат игерілді.

15 әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға 7650 мың теңге бөлінді (РБ) қыркүйекте қаржыландыру 4 млн.теңгеге азайды және 3650 мың теңгені құрады. Қарашада 1319 мың теңге сомада қаржыландыру алынды. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру 2331 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 22 адам жіберілді. Барлығы жұмысқа орналасты. Қаржыландыру 2330,6 мың теңгеге орындалды, бұл 100% құрайды.

Жастар практикасына 14345 мың теңге бөлінді (РБ – 5965 мың теңге, ЖБ – 8380 мың теңге), қосымша РБ 5169 мың теңге бөлінді, барлығы РБ 11134 мың теңге, қаржыландырудың жалпы сомасы – 19514 мың теңге. Қыркүйекте қаржыландыру ЖБ 4 млн.теңгеге азайды, қаржыландырудыңжалпы сомасы 15361 мың теңге, оның ішінде РБ – 11134 мың теңге, ЖБ – 4227 мың теңге. Жастар практикасына жіберу жоспары – 35 адам, оның ішінде РБ есебінен – 15 адам, ЖБ – 20 адам, РБ қосымша – 13 адам (дағдарысқа қарсы шаралар), барлығы – 48 адам. Жастар практикасына 51 адам жіберілді. Жастар практикасын аяқтағаннан соң барлығы жұмысқа орналастырылды. Қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан 11134 мың теңгеге, жергілікті бюджет қаражатынан 4226,9 мың теңгеге орындалды, қаржыландырудың жалпы сомасы 15360, мың теңге. Қаржыландыру 100% орындалды.

Қоғамдық жұмыстарға 49750 мың теңге (ЖБ) бөлінді, қоғамдық жұмыстарға 134 адамды жіберу жоспарланған. Республикалық бюджеттен қосымша 36000 мың теңге бөлінді, барлығы 85750 мың теңге. Қарашада қоғамдық жұмыстарға қосымша республикалық бюджеттен 10000 мың теңге, жергілікті бюджеттен 5000 мың теңге бөлінді. Қаржыландырудың жалпы сомасы 100750 мың теңге, оның ішінде 54750 мың теңге ЖБ, 46000 мың теңге РБ. Қоғамдық жұмысқа жіберудің бір жылға арналған жоспары – 259 адам. Қоғамдық жұмыстарға 395 адам жіберілді. Қаржыландыру 54749,9 мың теңгеге есебінен ЖБ, 45999,7 мың теңгеге РБ есебінен, барлығы 100749, 6 мың теңгеге орындалды, орындалу пайызы 100%.

Халықты жұмыспен қамту бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірледі.

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша Саран қаласының инфрақұрылымдық нысандарына 2020 жылы Қорғаныс министрі нысандарындағы 16 жұмыс орнын қоса алғанда, 516 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде Қорғаныс министрі нысандарындағы 8 жұмыс орнын қоса алғанда, жұмыспен қамту орталығы арқылы 263 жұмыс орнын құру қажет болған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 516 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 296 бұл 56% құрайды, жоспарлы көрсеткіш бойынша – 50% .

Жалпы жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылған жұмыс орындарының жоспары орындалды.

Қалада 2021 жылы жұмыс жалғасатын 2 ауыспалы нысан бар:

         1) «Саран қ. орталық ауруханасы» КМК ауласын абаттандыру – қаржыландырудың тоқтауына байланысты, жоспарланған аяқтау уақыты 2021 жылы,

2) «Жамбыл көшесі бойындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу» - 2021 жылға ауыспалы нысан. Қазіргі уақытта жұмыстарды орындау мерзімдері туралы шартқа сәйкес жобаны іске асыру тоқтатылды.

2021 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша жұмыспен қамту секторында тіркелген жұмыссыздары саны – 46 адам, 2020 жылғы 1 қаңтарда – 47 адам.

 

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Жұмыссыздар саны, адам

61

48

47

46

2020 жылы Саран қаласында қала тұрғындары үшін Бос орындардың 3 жәрмеңкесі өткізілді (2019 жылы – 9 жәрмеңке). Карантиндік шаралардың енгізілуіне және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуына байланысты өткізілген жәрмеңкелер саны айтарлықтар азайды.  

«enbek.kz» электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс ұйымдастырылды. Жыл ішінде деректер базасына Саран қаласында тұратын жұмыссыздар мен жұмыс іздеуші тұлғалардың 1453 түйіндемесі, 1407 бос жұмыс орны берілді, Саран қаласының 104 жұмыс берушісі порталда жұмыс істейді. «enbek.kz» портал арқылы 454 адам жұмысқа орналастырылды, бұл тұрақты жұмысқа орналасқандардың 41,9% құрайды (1084 адам) жоспар бойынша 30%..

Стендтерде бос жұмыс орындары мен бос лауазымдар туралы ақпарат орналастырылды. Бос орындар туралы мәліметтер бөлімнің сайтында орналастырылады. Жыл бойы қалалық «Саран газеті» газетінің беттерінде жұмыспен қамту бөлімінің материалдары жарияланады

2020 жыл ішінде жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссия қызметін жүзеге асырды. Комиссияның 2 отырысы және жұмыс тобының 3 отырысы өткізілді. ҚҮК жұмысы туралы материалдар «Саран газеті» газетінің беттерінде жарияланады. Комиссия отырысына ұйымдардан, мекемелерден өкілдер, қаланың жұмыс берушілері шақырылады, Қазақстан Республикасының Заңдарын орындауға, Бағдарламаларды орындауға, жұмыс істейтін азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер қаралады

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалада тұратын әр түрлі санаттағы азаматтарға әлеуметтік қорғау шараларын көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырылды

2020 жылдың қаңтарынан бастап қолдау шараларының кешенді тәсілі мен атаулылығын қамтамасыз ететін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа нұсқасы енгізілді.

Жәрдемақы 3 көзден ұсынылады: төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы,

АӘК көрсету, кепілдік берілген әлеуметтік пакет.

төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыға жәрдемақы отбасының табысына қарамастан төленеді, оның мөлшері отбасындағы бала санына байланысты. Біздің қаламызда 4 балалы 160 отбасы, 5 балалы 30 отбасы, 6 балалы 8 отбасы және 7 кәмелетке толмаған балалары бар 4 отбасы, барлығы 202 отбасы, 866 бала тұрады. Жәрдемақы төлеу 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізіледі.

Шартты атаулы әлеуметтік көмек және шартсыз атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау қалады.

АӘК жаңа нұсқасы

тоқсан сайын тағайындау;

         АӘК тағайындау кезінде балаларға белгіленген төлемді жою. Кедейлік шегі мен отбасының 1 мүшесіне шаққандағы табыс арасындағы айырма ретінде отбасының барлық мүшелеріне төлем

Егер тым болмаса отбасының бір мүшесі жұмысқа орналасудан бас тартса, отбасының жәрдемақы алу құқығынан айырылады;

Балалар күтімінің жасы – 7-ден 3 жасқа дейін азайды;

Участкелік комиссияның институты күшейді.

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы отбасының табысына кіретін болады.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда – әлеуметтік шартты бұзу, жалған мәлімет ұсыну, АӘК тағайындауға 6 айдан кейін жүгінуге болады. Барлық өзгерістер туралы 10 күннің ішінде хабарлау қажет.

АӘК алушылардың «Еңбек» бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтуға тарту. Жұмысқа орналасуға басымдық беріледі. Бағдарламаның, оның ішінде кәсіпкерлікпен байланысты барлық ықтимал тетіктері пайдаланылады

Үшінші дереккөзі кепілдік берілген әлеуметтік пакет. АӘК алатын отбасының 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына балаларға арналған тамақпен, гигиеналық құралдармен көмек көрсету. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаға – 4700 теңге, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаға – 4707 теңге, тоқсанда бір рет балаға 1750 теңге сомада гигиеналық құралдар беру. Жаппай оқыту қоры 2,4% орнына, 3,6% ұлғайды: аз қамтылған отбасының мектеп жасындағы балаларын оқу құралдарымен, мектеп формасымен қамтамасыз ету;

аз қамтылған отбасыдағы мектеп жасындағы балаларды тегін ыстық тамақ;

аз қамтылған отбасыдағы мектеп жасындағы балаларды қалалық көлікке жол ақысының шығындарын өтеу.

2020 жылы атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 44009,5 мың теңге, оның ішінде РБ 19291, ЖБ 24718,5 мың теңге бөлінді (2019 жылы 140380 мың теңге: республикалық бюджеттен – 52000 теңге, жергілікті бюджеттен – 39206 мың теңге, Ұлттық қордан 49174 мың теңге. 140 отбасыға, 641 адамға 44007,6 мың теңге сомада 1083 жәрдемақы төленді (2019 жылы - 1598 жәрдемақы, 266 отбасына, 1276 отбасы мүшелеріне, оның ішінде 2018 жылдан бастап ауысатын 5 отбасына, 14 алушыға 140374,2 мың теңге сомасында, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 52000 мың теңге, жергілікті бюджеттен-39201 мың теңге, Ұлттық қордан-49173,2 мың теңге). Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.

140 отбасына, 641 отбасы мүшелеріне тағайындалған 44007,6 мың теңге сомадағы 1083 жәрдемақының, 87 отбасына, 455 адамға 24160 мың теңге сомада тағайындалған 630 шартты ақшалай көмек жәрдемақысы. Әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларымен 102 адам қамтылды (жәрдемақыға өтініш берген сәтте 81 адам жұмыс істеді, 21 адам белсенді шаралармен қамтылды), Саран қаласын дамыту бағдарламасының мақсатты индикаторының жоспарлы көрсеткіші – 22,3% кезінде 22,4% құрайды. Көрсеткіш орындалды.

Осы жәрдемақыларды тағайындау кезінде бөлім Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын басшылыққа алады, онда масылдық көңіл-күйді түбегейлі жою қажеттігі атап өтілді. Жұмысқа орналасуға басымдық беріледі.

Құрылған 2 учаскелік комиссия (1 - Саран қаласында, 1 - Ақтас кентінде) Заңға сәйкес МАӘК тағайындауға өтініш білдірген отбасылардың өмір сүру жағдайына 100% тексеру жүргізеді.

Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешімімен бекітілген Саран қаласы мен Ақтас кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережеге сәйкес бөлім ұсынылған коммуналдық қызметтер үшін есептеу жиынтық табыстың 10%-нан асатын азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүргізеді (тұрғын үй көмегін есептеу әлеуметтік нормаларды ескере отырып жүргізіледі).

2020 жылға қалалық бюджет қаражатынан – 5833 мың теңге қаржыландыру бөлінді (2019 жыл – 8831 мың теңге). 58392,9 мың теңге сомада 1635 жәрдемақы тағайындалды, жәрдемақының орташа мөлшері – 3568 теңге. Бөлінген қаржы толық көлемде игерілді.

Тұрғын үй көмегін тағайындауды талдау

 

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Жәрдемақы саны

4479

3554

2528

1635

Көмекті тағайындау сомасы

17517

12970

8830,8

5832,9

Орташа мөлшері

3911

3649

3493

3568

 

Бұл шараның маңызы ерекше, өйткені біздің қаламызда жылу тарифі жоғары. Бөлінген қаржыны уақытында игеру бойынша қажетті шаралар қабылдануда, әлеуметтік қорғау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жәрдемақы тағайындау кезінде Заң талаптары қатаң сақталады, алушылар арасындағы масылдықты жоюымыз керек.

2013 жылдан бастап тұрғын үй көмегін тағайындаудың тұрақты төмендеу үрдісі байқалады, өйткені коммуналдық тарифтер айтарлықтай ұлғайған жоқ, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінің өсуіне байланысты табыс тұрақты өсуде, тұрғын үй көмегін алушылардың 86% – зейнеткерлер.

Бөлім бөгде адамның көмегіне мұқтаж 1,2 топтағы жалғызбасты мүгедектердің зейнетақысына қосымша ақы тағайындау және төлеуді жүргізеді. Ағымдағы жыл ішінде 315,7 мың теңге сомада 114 жәрдемақы тағайындалды. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

 

2017 год

2018 год

2019 год

2020 год

Жәрдемақы саны

99

108

109

114

Тағайындалған жәрдемақы сомасы

226

259,7

277,8

315,7

 

Саран қалалық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2014 жылғы 22 мамырдағы 32 сессиясының  № 337 шешіміне сәйкес жыл басынан мүгедек балаларын үйде оқытатын  отбасыларға 742,4 мың теңге сомада 134 жәрдемақы тағайындалды. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.

 

 

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Балалар саны

15

19

17

16

Тағайындалған жәрдемақы сомасы

490,1

573,0

585,0

742,4

Саран қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»  2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 шешіміне сәйкес 2020 жылы 85774 мың теңге сомада қаржыландыру бөлінді, 85744 мың теңге сомада 5648 жәрдемақы тағайындалды.

Әлеуметтік көмекті төлеу атаулы күндерде, мерекелік күндерде және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде ұсынылады. 2020 жылға бөлінген қаржы толық көлемде игерілді.

 

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Төлем саны

3287

3321

5654

5648

Тағайындалған жәрдемақы сомасы

23893

24102

58193

85774

 

ТЖ және карантиндік шаралар кезінде азық-түлік жиынтығын ақшалай түрде (5567 теңге) 58 млн.теңге сомада 2,5 мыңнан астам адам алды. Наурыздан тамызға дейінгі мерзімде 10421 тқлем жүргізілді.

Төтенше жағдайлар мен карантин уақытында (наурыз-мамыр, шілде-тамыз) табысынан айырылған 7 мыңнан астам адам (7738) 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемді алды.

ТЖ кезінде «Біз Біргеміз» қорының жүйесі бойынша Саран қаласы мен Ақтас поселкесінің тұрғындарына 64,6 мың теңге сомада 1291 көмек көрсетілді.

Қалада коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша тұрғындардың төлемдерін өтеу бойынша жұмыстар жүргізілді.  2700  астам (2710 адам)           81,3 млн.теңге сомада төлем алды, оның ішінде 102 көп балалы отбасы.

«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ қалада тұратын аз қамтылған отбасылардың есебін жүргізеді. 2021 жылғы 1 қаңтарда қалада 140 аз қамтылған отбасы, 641 адам тұрады (2020 жылдың 1 қаңтарына 191 аз қамтылған отбасы, 955 отбасы мүшесі). Мемлекеттік және мемлекеттік емес көздерден аз қамтылған отбасыларды 100% қамту қамтамасыз етілді.

Тіркелген кедейлік деңгейі 2020 жылы – 1,2%, бұл 2019 жылға қарағанда 0,6 пайыздық тармаққа төмен (2019 жылы – 1,8%, 2018 жылы-0,17%, 2017 жылы-0,09%).

2019 жылы кедейлік деңгейінің өсуі кедейлік шегі мөлшерінің ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50-ден 57% -ға дейін ұлғаюымен, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібіне енгізілген өзгерістермен байланысты. 2020 жылы төмендеу атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы өзгерістермен, қала тұрғындарымен жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарымен байланысты. Барлық аз қамтылған азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылады.

 

 Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұратын аз қамтылған азаматтар бойынша деректер 

 

 

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтардың

саны

 

 

 

 

- отбасылар

11

26

191

140

-адам

47

86

955

641

 

2021 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша  ҰОС 4 қатысушысы есепте тұр. (2019 - 6).

2021 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша арнайы әлеуметтік қызметтермен 331 адам қамтылды, оның ішінде: 259 жалғыз басты қарт азамат, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 12 жалғыз басты мүгедек, 41 - 16 жасқа дейінгі мүгедек бала және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 19 мүгедек.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет (АӘҚ) ұсынуға кезек жоқ.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын ерекше балалар үшін 2020 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тренажерлармен жабдықталған ойын алаңы салынды, оған қала бюджетінен 6980 мың теңге бөлінді.

мемлекеттік емес мекемелерде: «Намыс» пансионаты жеке мекемесінде - 38 адам, «Вифезд» қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде - 26 адам, «Надежда» оңалту орталығында - 40 адам тұрғылықты жері жоқ;

«Қарағанды облысы Саран қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ - 519 адам

Облыстың мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелеріне 10 адам жіберілді (2019 жылы – 37 адам).

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Саран қаласында 2195 мүгедек адам есепте тұр, оның ішінде:

1 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар-277 адам;

2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар-994 адам;

3 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар-793 адам,

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар-131 адам.

«Саран қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ 1,2 топтағы мүгедектігі бар адамдардан 498 адам тұрады.

2020 жылы мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдауға 166590,7 мың теңге сомада қаржыландыру бөлінді және игерілді, бұл 2019 жылға қарағанда 32049,3 мың теңгеге көп.

2020 жылы мүгедек адамдарға әлеуметтік оңалту шараларын көрсету үшін 2147 ОЖБ мүгедек тіркелді, 1845 орындалды, бұл 85,9% - ды құрайды.

2020 жылы мүгедектерге облыстық бюджет есебінен:

109 сурдоқұрал;

114 тифлоқұрал;

292 протездік-ортопедиялық қосалқы құралды алуға жолдама;

Санаторлық-курорттық емделуге 219 жолдама;

59-мүгедектер арбасы:

7 мүгедек адам мемлекеттік психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберілді.

ОЖБ-ны орындау облыстық бюджет қаражаты есебінен 73% - ды құрады (1099 ОЖБ-ның 800-і орындалды).

2020 жыл ішінде жергілікті бюджет және мақсатты республикалық трансферттер есебінен қаражат және қызметтер көрсетілді:

292 адам 827 гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді;

1 топтағы мүгедектігі бар 96 адам жеке көмекшінің қызметін пайдаланды;

Есту қабілеті нашар 26 адамға ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылды.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 78 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

13 мүгедек адамдарға жалпы ауру мүгедектеріне,

16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 46 балаға,

18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 19 мүгедек адамға.

ОЖБ-ны орындау жергілікті бюджет қаражаты есебінен 99,5%  құрады (5 өтініш 2020 жылғы желтоқсанда келіп түсті)   

2020 жылы «инватакси» жұмысын ұйымдастыруға 7282,5 мың теңге бөлініп, игерілді. 2020 жылы мүгедектігі бар тұлғалардан 130 өтініш тіркеліп, 58 адамға көлік қызметі көрсетілді.

Қызметтер ай сайын 28-30 мүгедек адамға көрсетіледі, оның ішінде: күн сайын 2 адам жұмысқа, аптасына 3 рет 7 адам бүйрек гемодиализіне жеткізіледі. Қалған мүгедек адамдар «инватакси» қызметін қажеттілігіне қарай: мемлекеттік мекемелерге, медициналық, заң ұйымдарына, банктерге және әлеуметтік сала объектілеріне бару үшін пайдаланады.

Мүгедек адамдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын оңалту құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен 100% қамтамасыз етілген.

Порталды енгізудің пилоттық жобасы шеңберінде 2020 жылы               54 оңалту құралы сатып алынды, оның ішінде:

21 тифлоқұрал, 28 гигиеналық құралдар,

2 сурдоқұрал, 4 протездік-ортопедиялық құралдар.

1 қарашадан бастап әлеуметтік қызметтерді алуға порталға мүгедектігі бар тұлғалардан 4 өтінім жолданды:

1 өтінім  -санаторлық-курорттық емделуге;

1 өтінім - ымдау тілі маманының қызметтерін алуға;

2 өтінім – жеке көмекшінің қызметін алуға.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 26 мүгедек өтініш білдірді, барлығы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды

«Еңбек» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:

1 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді,

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 10 адам қатысты,

3 адам қысқа мерзімді курстарға келесі мамандықтарға жіберілді: тігінші – 2 адам, ағаш өңдеу станогының станокшысы – 1 адам.

«Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» әкімдіктің 2019 жылғы  19 желтоқсандағы № 53/03  қаулысына сәйкес, квота «Sunpaper» ЖШС,          «A. V. Group» ЖШС белгіленді.

2020 жылы квотамен қарастырылған жұмыс орындарына                      «A. V. Group» ЖШС мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қатарынан 2 адам жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылы өз ісін ашуға 2 топ мүгедегі жеке ісін ашуға: «Жиһаз шеберханасы» бизнес-жоспарын іске асыруға 555600 теңге сомада грант алды.

Конституция күніне орай жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2004 мүгедек адамға 5000 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 10020 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді.

ТЖ және карантиндік шаралар кезінде мүгедек адамдарға мынадай көмек көрсетілді:

2163 адамға азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар сатып алуға 36085,3 мың теңге сомада көмек төленді;

1517 адамға коммуналдық қызметтерді төлеуге 45510,0 мың теңге сомада көмек көрсетілді;

1195 адамға «Birgemiz», «Асар» қоғамдық қорларынан 59310,0 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді;

281 адамға бюджеттен тыс көздерден 1002,5 мың теңге сомада заттай көмек көрсетілді.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 91 нысанына түгендеу (паспорттау) жүргізілді, барлық нысандар ішінара бейімделді.

Барлық паспортталған нысандар туралы мәлімет «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталына енгізілді.

Қаланың ұйымдары мен мекемелерінің басшыларымен мүгедектердің әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі, анықтамалық материал ұсынылады.

Бөлімнің мамандары Саран қаласының аумағында тіркелген үкіметтік емес бірлестіктермен бірлескен жұмыс жүргізеді:

1) мүгедектердің үкіметтік емес бірлестіктері: Қазақ зағиптар қоғамының Саран қалалық филиалы,

2) «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Саран қалалық филиалы»;

3) діни бірлестіктер: «Преображение» ЕХБ шіркеуі, «Благодать Саран» шіркеуі.

Бөлімде «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Президенттің халыққа Жолдауын насихаттау және мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Қалалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері қала ұйымдарында, мекемелерінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, халыққа әлеуметтік қорғау шараларын көрсету бойынша дәріске қатысады.

«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ 7 ақпараттық стенд рәсімделген.

«Саран газеті» газетінде халықты әлеуметтік қорғау шаралары бойынша, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала азаматтарын әлеуметтік қолдау, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мақалалар жарияланды.

«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ жұмысы туралы барлық ақпарат бөлімнің сайтында орналастырылды.

 

2021 жылға арналған міндеттер

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысты жалғастыру;

Тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты жалғастыру – 1066 адам;

қоғамдық жұмыстарға субвенция қаражатынан бөлінген қаржыландыру есебінен 41371 мың теңге сомада; республикалық бюджет қаражаты есебінен-60480 мың теңге сомада - 168 адам жіберу, барлығы 101851 мың теңге;

жастар практикасына субвенциядан бөлінген қаржыландыру есебінен 8967 мың теңге сомада 20 түлек, республикалық бюджет қаражаты есебінен 6563 мың теңге 15 түлек жіберілсін, барлығы 15530 мың теңге.

республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпорындарда 7650 мың теңге сомада 15 әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру;

жергілікті (облыстық) бюджет қаражатынан бөлінген қаржыландыру есебінен қысқа мерзімді оқыту курстарына 10668 мың теңге сомада 28 адам жіберілсін

5834 мың теңге сомада 10 грант (200 АЕК) бөлу

бөлінген қаржыландыруға сәйкес ілеуметтік жәрдемақыларды тағайындауды жүргізу:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 69052 мың теңге, оның ішінде РБ – 45456,8 мың теңге, ЖБ – 14588 және субвенция 9008 мың теңге,

кепілдік берілген әлеуметтік пакет – 29376 мың теңге, оның ішінде РБ – 21252 мың теңге, ЖБ – 8124 мың теңге;

тұрғын үй көмегі – 8289 мың теңге;

азаматтардң жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер – 102450 мың теңге, оның ішінде субвенция 80000 мың теңге, ЖБ – 22450 мың теңге;

мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасылардың шығынын өтеуге – 761 мың теңге;

тұрғын үй сертификаттарын беру – 5000 мың теңге

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» Заңын іске асыру мақсатында:

76453 мың теңге сомада санитарлық-гигиеналық құралдарды сатып алу, оның ішінде жергілікті бюджет – 10439 мың теңге және субвенция 18819, республикалық бюджет – 47195 мың теңге;

65570 мың теңге сомада жеке көмекшінің қызметін ұсыну, оның ішінде: жергілікті бюджет – 9170 мың теңге және субвенция 56400 мың теңге;

9562 мың теңге сомада ымдау тілі маманының қызметін көрсету, оның ішінде субвенция – 4781 мың теңге, республикалық бюджет – 4781 мың теңге;

«инватакси» қызметін ұйымдастыру, жергілікті бюджет – 7790,0 мың теңге;

әлеуметтік қорғау шараларын түсіндіру жұмысын жалғастыру;

бөлімнің жанынан құрылған Кеңестердің, комиссиялардың жұмысын жалғастыру.

үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі бөлімшенің жұмысын жалғастыру;

халықтың әлеуметтік-осал топтарына көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыру;

бөлім жұмысына жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің дерекқорын өзектендіру бойынша жұмысты жалғастыру;

мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік қызметтер порталындағ жұмысқа жәрдем көрсету;

мүгедектерге арналған кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындармен, мекемелермен жұмысты жалғастыру.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында 2021 жылға екі жобаны іске асыру қарастырылған:

1) 6 млрд 939 млн.теңге сомада Қазандық құрылысы (аяқталмаған құрылыс), 120 жұмыс орнын, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 60 жұмыс орнын құру қарастырылған.

2) 199 млн.теңге сомада 3 ықшам ауданындағы Модульді қазандық құрылысы, 29 жұмыс орнын, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 жұмыс орнын құру қарастырылған.

«Саран қ. ЖҚжӘББ» ММ басшысы                                     Е.  Баулыков

 

 

 

 

 

 

 

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі» ММ 2020 жылғы жұмысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі
Дата публикации
27 января 2021