«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2020 жылы Саран қаласы мен Ақтас поселкесінің халқына Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НК бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген 17 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бір жылдың ішінде 2000 мемлекетттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы – 572 мемлекеттік қызмет;
баламасыз мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) – 223 мемлекеттік қызмет;
баламасы бар мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) – 648 мемлекеттік қызмет;
«электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 557 мемлекеттік қызмет, жыл басынан бері проактивті форматта – 43.
Бір жылдың ішінде 4 бас тарту шешімі қабылданды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ. Қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына жол берілмеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бөлімнің сайтында, стендтерде орналастырылған.
Бөлімде және Жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша роликтер көрсетіледі.
Бір жылдың ішінде 1790 адамды қамти отырып, 171 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы жүргізілді.
Компьютерлері жоқ және интернетке қосылмаған азаматтарға көмек көрсету мақсатында «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ өзіне өзі қызмет ету бұрышы жұмыс істейді.