«Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 6578-09 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Саран қаласында және Ақтас кентінде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына жүгінеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тұрғын үй көмегі жеткізушілер ұсынған ай сайынғы ағымдағы және жинақтау туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықтау.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен айқындалады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Аз қамтылған отбасыға (азаматқа) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.».
2. «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Саран қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
ТАӘ |