«Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін

көрсету мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»

Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Саран қалалық мәслихатының «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

осы шешіммен бекітілген Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларында:

1-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда  жазылсын:

«ағымдағы және жинақтаушы жарналар;»

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін

көрсету мөлшері мен қағидаларын бекітутуралы»

Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103

шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Саран қалалық мәслихаттың шешімінің жобасына

салыстырмалы кесте

 

№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1

1-тармақтың екінші бөлігі

 

кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар

ағымдағы және жинақтаушы жарналар

 

«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 наурызда № 38163 тіркелді

 

Дата публикации
04 июня 2026