
Қарт азаматтарға және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету аясында екі бағытта жұмыс жүргізілуде.
1) Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Штат кестесін ескере отырып, жоспарлы көрсеткіш - 248 адам.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер келесі санаттағы адамдарға көрсетіледі:
психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға бір жарым жастан он сегіз жасқа дейін;
тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға бір жарым жастан он сегіз жасқа дейін;
психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынылады: әлеуметтік -тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек.
2) Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, стационар, жартылай стационар және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Мүгедектігі бар адамдардың және мұқтаж қарт азаматтардың стационар, жартылай стационар және уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарын қабылдау жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар пакетін жинауға консультациялық көмек көрсетіледі.