
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтарды қолдау шарасы.
Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы
Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес, табиғи зілзала немесе өрт салдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме болып табылады:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілген кезде көрсетілетін әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан бір мезгілде көрсетіледі.
2) әлеуметтік маңызы бар онкологиялық аурудың 3 және 4 сатысының болуы адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан жылына 1 рет беріледі.
3) әлеуметтік маңызы бар ауру туберкулез болуы амбулаториялық емдеу кезеңінде емдеу мекемесі ұсынатын тізімге сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан жылына 1 рет беріледі;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан, 18 жасқа дейінгі балаларда адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы ай сайын беріледі;
5) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жылына 1 рет беріледі;
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босату, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жылына 1 рет беріледі;
7) пробация қызметінің есебінде болу, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жылына 1 рет беріледі;
8) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жылына 1 рет беріледі;
9) жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздік, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жылына 1 рет беріледі;
10) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жылына 1 рет беріледі.
Мұқтаж азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшері - жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі – оқиға басталған сәттен бастап үш ай ішінде.
Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Қызмет бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ұсынылады (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес).
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алу үшін азамат дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі көрсетілген өтінішті, сондай-ақ келесі құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне:
1)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2)адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәлімет;
3) мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздердің болу фактісін растайтын құжат.
«электрондық үкімет» веб-порталы:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш;
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
2) Қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, мүгедектігін растайтын құжатты, әлеуметтік маңызы бар аурудың бар-жоғын растайтын құжатты, электрондық өтініште көрсетілетін мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі - 8 (сегіз) жұмыс күні.