
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес төрт бағытта жүргізіледі: әлеуметтік оңалту, кәсіптік оңалту, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, қаланың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Мүгедек адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі ақпарат
Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту жөніндегі іс - шаралар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері беретін абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламалары (бұдан әрі-АОЖБ) негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік оңалту шеңберінде мүгедектігі бар адамдар протездік-ортопедиялық көмекпен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, техникалық көмекші құралдармен (сурдоқұралдар, тифдлқұралдар, гигиеналық құралдар) қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда көрсетілген оңалту құралдарымен және мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не олардан құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) бөлімшелеріне, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына өтініш, жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), нотариаттық куәландыруды талап етпейтін сенімхат ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді мамандар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмесі өтінішпен қоса беріледі.
Мүгедектігі бар адамдар күнтізбелік жылға жоспарланған қаржыландыру болған кезде «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген өтініш берілген күн бойынша қалыптастырылатын кезектілікке сәйкес жыл ішінде әлеуметтік қызметтермен және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі,
Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту шеңберінде қалада меншік нысанына қарамастан (штат саны 30 адамнан асатын), Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілетін, жұмыс орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде жыл сайын қаланың кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде жұмыс орындарына квота белгіленеді.
ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес кәсіптік оңалту бойынша жұмысты жүргізу шеңберінде мүгедектігі бар адамдар басым тәртіппен кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына, әлеуметтік жұмыс орындарына, оқу орындарын бітірген адамдар - жастар практикасына жіберіледі. Мүгедектігі бар адамдар тұрақты жұмыс орындарына ауруды және физикалық жағдайын ескере отырып жіберіледі.
Кәсіптік оңалту шараларын айқындау үшін мүгедектігі бар адамдар Саран қаласының Мансап орталығына жүгіне алады, өзімен бірге сәйкестендіру үшін жеке куәлігі, мүгедектігі туралы анықтамасы, жұмысқа орналастыру бойынша ұсынымдары бар медициналық ұйымның ДКК анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігі болуы қажет.
1,2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі - АӘҚ) ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламаларына (бұдан әрі - АОЖБ) сәйкес үйде, стационар және жартылай стационар жағдайында ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамның (немесе заңды өкілі) стационар және жартылай стационар жағдайында АӘҚ көрсетуді ресімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) бөлімшелеріне, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, нотариаттық куәландыруды талап етпейтін сенімхат ұсынады.
Жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжатты не көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) (сәйкестендіру үшін) бар электрондық құжатты, амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзінді көшірмесі бар медициналық картаны ұсыну қажет. Үйде АӘҚ ұсынуға мұқтаж адамдар үшін амбулаториялық-емханалық картадан үзінді көшірме талап етілмейді, ал 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі талап етіледі.
Жеке басын куәландыратын құжат, мүгедектікті белгілеу туралы, АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді мамандар тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке (бар болса) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.
Стационар және жартылай стационар жағдайында АӘҚ мұқтаж мүгедектігі бар адамдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі тиісті орталықтарға және «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген өтініш берілген күн бойынша қалыптастырылатын кезектілікке сәйкес оңалту орталықтарына жіберіледі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету шеңберінде барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелердің басшыларымен консультациялық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі, Саран қаласының аумағында орналасқан объектілерге тексеру жүргізіледі.
8 қалалық маршрут мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін 11 автобуспен қызмет көрсетеді.
Мүгедектігі бар адамдарды қала аумағында орналасқан объектілердің қолжетімділік дәрежесі туралы хабардар ету үшін объектілер бойынша деректер «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» порталында «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» енгізіледі.
Мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы болу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, «Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де және Халыққа қызмет көрсету орталығының Саран филиалында, «Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ-де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталған.
Әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) іске қосылды, ол мүгедек адамдарға оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді тікелей жеткізушілерден мемлекет кепілдік берген бағалар бойынша өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады. Сонымен қатар, порталда азамат таңдаған кезде қосымша ақы төлеген жағдайда қымбат тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. Порталда қызметтерді алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.
Мүгедектігі бар адамдар берген өтініштер ағымдағы жылға бөлінген қаржыландыруды ескере отырып орындау үшін порталға жіберіледі, содан кейін қызмет алушыларға тапсырысты ресімдеу мүмкіндігін ұсыну туралы телефонға СМС келеді.
Сұрақтар туындаған жағдайда қала тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында порталды пайдалана алады. Анықтама үшін байланыс телефондары: 8(72137)76805, 8(778)9796632.