Жұмыспен қамту секторының жұмысы туралы

Жұмыспен қамту секторы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты:
- Қаланың еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау жүргізу. Кадрларға болжамды қажеттілік бойынша қаланың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен жұмыс;
- Ұлттық жобалар, өңірлік жұмыспен қамту картасын дамыту жоспарлары және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде жұмыс орындарын құруға мониторинг жүргізу;
- Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» және «Еңбек жолы» республикалық конкурстарына қатысушылардың құжаттарын жинау және дайындау;
- Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу бойынша қаланың кәсіпорындарымен және мекемелерімен жұмыс жүргізу;
- Сектордың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияға материалдар дайындау;
- «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке мониторинг жүргізу;
- Азаматтардың жекелеген санаттарын (мүгедектігі бар адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды) жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота беру үшін құжаттарды дайындау;
- Әлеуметтік қолдауға мұқтаж халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу;
- Жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
- Еңбек заңнамасының нормаларын сақтау бойынша қаланың мекемелерімен және кәсіпорындарымен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
- Кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы қаланың жұмыс орындарын құруды қолдау;
- Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізу;
- Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы іске асырады.
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы
Документы
Ереже
31 июля 2026
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Хабарландыру
14 апреля 2026
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурсты 2026 жылы өткізу туралы хабарландыру
Ескертпе
28 января 2026
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысу бойынша жұмыс берушілерге арналған жаднама
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы